24
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындары Еуразиялық аймақта мекен құрды.
Антропологиялық сипаты еуропа нәсілдік дала түрі болды. Тарихи
көзқараста әзірше тұрақталған лингвистикалық сипаты үндіеуропалық
үйелменің ежелгі иран тармағына кіреді. Бірақ кейінгі зерттеулер әуел бастан
тіл тармағы түркілік болды деген дәйектер көрініс тапты.
2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық жұрттың
құрылуының басты өзегі болып қала берді.
Жергілікті ұрпақтың
антропологиялық негізі өткен кезеңмен генетикалық байланысы үзілмеді.
3. Тарихи даму мен жағрафиялық жағдайына байланысты біздің
заманымыздың І мыңжылдығында Шығыс пен Батыс арасындағы көпірлік
рөлі - қоныс аударулар орталығына айналдырады. Енді оның генофонына
шығыстық сипат қосыла бастайды.
4. Қазіргі қазақтарға тән кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нәсілдің –
тұрақты
еуропеоидтық және кейін қосылған моңғолоидтық нәсілдердің далалық түрі
қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: