Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


Тәңірге бас ұрды,  Ата-Баба Аруағын



Pdf көрінісі
бет33/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

Тәңірге
бас ұрды, 
Ата-Баба Аруағын
құрмет тұтты, 
Ұмай-Ана
қасиетін дәріптеді, 
тіршілік көзі 
Жер-Су
және 
От
деп оны қадірледі. Арийлердің қоныс аударуы 
(Оңтүстік Азия мен Еуропа елдеріне), өзінің ерешеліктерін сақтай отырып, 
осы аймақтардың әрі қарай қалыптасатын өркениеттік тарихына шешуші 
әсерін тигізді. Өз отаны 
Дала
кеңістігінде қалған 
Арий
тайпалары кейінірек 
өзіндік 
Скиф-Сақ
мәдениетін жасады. 
Сонымен, б.д.д. II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында 
мал шаруашылығын, егіншілікті және жоғары дамыған металлургияны 
біріктірген өзіндік кешенді шаруашылық қалыптасты. Мәдени кешеннің 
негізгі көріністері еңбек құралдары мен қару-жарақтардың сапасының күрт 
жақсаруы, қола өндірісін игеру, ат әбзелдері мен жеңіл соғыс арбаларының 
пайда болуы болды. Этникалық тұрғыдан, нәсілдің андрондық компоненті 
Қазақстанның тарихында нәсілдік-гендік үрдісінде аса маңызды негіз болды. 


42 
Қола дәуірі мал өндірісінің шаруашылық ретіндегі даму кезеңі болып 
табылды. Кетпенді егіншілік дамып, онда жаңа еңбек құралдары қолданыла 
бастады. Б.д.д. 2-мың жылдықтың орта шенінде Орталық Азияның далалық 
бөлігінде бақташы тайпалар бөлініп шықты. Б.д.д. ІІ-мың жылдықтың аяғы 
мен І-мың жылдықтың басында (кейінгі қола дәуір кезеңі) Қазақстанның 
далалық аудандарының көпшілік халқы шаруашылықтың жаңа түрі – 
көшпелі мал шаруашылығына ауысты. Тайпаның негізгі көпшілік 
бұқарасынан малшылардың бөліктеніп шығуы – қоғамдық еңбектің алғашқы 
ірі бөлінісі болды. Бойлық бойынша көшуге қалыптасу, өзін-өзі бағып, өз 
аяғымен жүретін төрт түлікті аз күш жұмсап, мол өнім беретін шаруашылық 
көзіне айналдыра білу, түптеп келгенде, салт атты көшпелілердің төлтума 
таным-түсінігі мен мәдениетінің қалыптасуына, уақыт пен кеңістік туралы 
дүниетанымының кеңеюіне, сөйтіп этномәдени болмысының даралуына 
себепші болды. Көшпелілер сол кездегі өзінің отырықшы замандастарына 
қарағанда әлеуметтік-мәдени деңгейі жөнінен әлдеқайда биік, әлдеқайда 
қуатты болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет