48
жерін тартып алғаннан кейін, Іле және Ыстық көл өңіріне келіп мекендейді.
Осыдан кейін олар аса күшті мемлекет құрған.
Қытай тарихшысы Сыма-Цянь мен Бан Гудың «Ханнамасы» мен
«Жылнамасында» мынадай деректер бар: «Үйсін мемлекетінің жері ... ұлан-
байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашыны көп, ауа райы суық, тауларда қалың
қарағай өседі. Егіншілікпен айналыспайды. Малмен бірге жайылым-суат
жағдайымен көшіп жүреді. Әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсайды. Бұл елде жылқы
көп, байларында 4-5 мың жылқы болады. Халқы қайсар, батыр келеді.
Сенімсіздік істегендерге қатты өшігеді, ұры-қарысы жоқ. Ең күшті мемлекет.
Бұрын хунға (ғұн)
бағынышты болған, кейін күшейді де, оның бұғауынан
құтылып, оған бағынбайтын болған...» . Мұны біз тарихтағы үйсін
тайпаларының тәуелсіз тайпалық бір мемлекетке айналуына басты себеп
болған жағдай деп қарасақ, шындығында қытай деректері осы тұстағы
жазбаларында қандас тайпаларды ыдыратудың айла-шағын қолдана отырып
өз қылықтарына үйлесімді жұмсаған. Мәселен, бұл жөнінде қытай
жазбаларындағы «Хань хандығының тарихы» атты кітаптың «Үйсіндер»
атты тарауында: «Үйсіндер Шығыстағы атамекендеріне қайтадан көшіп келіп
қоныстанатын болса,
Хань хандығы қыздарын беріп, құдандалы жекжат
болып, хундар (ғұн) бірлігіне қарсы тұрмақшы» деген сөзін арнайы түрде
жеткізген.
Б.д.д. 53 жылдары үйсін тайпасы ішінде үлкен алауыздықтар мен таққа
таласу басталды. Соның салдарынан үйсін мемлекетін ғұндардың Шөже
тәңірқұты қаңлы тайпасымен бірлесе отырып, оларды ойсырата жеңеді. Б.д.д.
44 жылдың екінші жартысында жасаған шабуылында ғұндар мен қаңлы
тайпалары үйсіндердің астанасы болған Чигучен қаласын басып алады.
Халқын тонап, малын олжалайды. Сонымен үйсіндердің батысындағы мың
шақырымдай жер құлазып бос қалады.
Қорыта келгенде, б.д.д. III-I ғасырларда іргелі ел болған үйсін мемлекеті
түркі халықтарының түп қазығы екендігіне күмән болмаса керек. Үйсін
құрған мемлекетке 120 мың түтін қараған, жан саны 630 мың болып, 188 мың
сайлаулы әскер ұстаған. Ең үлкен билеушілері Күнби (гуньмо) деп аталған.
Ол елде тұтас әскери және әкімшілік құқықтарды басқартатын мемлекеттік
билік түрі болған. Үйсіндердің тайпалық рулары ұлан-ғайыр жерді өздеріне
қаратып, нәсілдік жағынан туыстас тайпалардың қуатты одағын құрады.
Үйсіндер одағы көршілес тайпалардың экономикалық жаңа саяси өміріне де
зор ықпал етті. Мысалы, үйсіндер Солтүстік Қытайдағы Хунну (Ғұн),
Хорезмдегі Кангүй (Қаңлы), Памирдегі Кушан тайпаларымен араласты.
Үйсіндер жартылай отырықшы ел болған. Кіші
Алматы өзенінің сағасынан
табылған үйсін қыстауы да бар. «Горный гигант» совхозының тұрған жерінен
үйсіндер тұрағы табылды. Оны сол жерден аршылған түрлі ыдыс-аяқтар
дәлелдеп отыр. Үйсіндерде мал шаруашылығы мен егіншілік кәсібі қатар
дамыды. Құлдық және феодалдық құрылыстың нышандары басым рулық
институттары бар ертедегі таптық қатынастар қалыптаса бастады, малға
деген жеке меншік нығайды. Малға, салтмінетін аттарға,
ыдыс-аяққа сонау
49
сақ дәуірінде пайда болған рулық, қауымдық, жеке меншіктік иелікті
білдіретін таңба басу дәстүрі кең тарады.
Үйсін заманының қорғандары үлкен, орташа және кішкене болып бөлінді.
Үлкен қорғандарға (Теңлік қорғаны, Талғар обасы, Қаракөл және Буранин
қорғандары) бай және атақты адамдар, тайпа көсемдарі, патшалар жерленді,
қымбат,
бағалы алтын әшекейлер, биліктің белгісі – гүрзі, мөр кездеседі.
Орташа қорғандарға (Шарын өңіріндегі Қаратума обасы) қауымның
қатардағы мүшелері, жауынгерлер жерленген; қыштан және ағаштан
жасалған табақтар, ұсақ қола,
кейде алтын, әшекейлер, темір семсер,
қанжарлар ұшырасады. Кішкене қорғандарда (жұпыны бұйымдар, бір-екі
ыдыс, қола әшекейлер бар, ал қару-жарақ жоқ)
кедейлер мен құлдар
жерленген. Үйсіндер этнотипінде қазақ халқының қалыптасуына қатысқан
кейінгі рулар тобының аттары сақталды.
Қазакстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі
Достарыңызбен бөлісу: