2.4 Ғұн мемлекеті: әлеуметтік ұйымдасуы мен саяси тарихы Төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел билеп, әлемді аузына қаратқан
түркі тектес елдің түп атасы – ғұндар кейін көптеген ұлттардың құрамына
еніп, мемлекеттерінің өсіп-өркендеуіне негіз болғаны тарихқа белгілі.
«Қазақ Совет энциклопедиясында» Ғұндар түркі тайпаларының түп атасы
екені ашып айтылған. В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам т.б. ғалымдар да солай
дейді. Олар ғұн мен оғыз екеуі бір ел деп дәлелдейді. Оған қарағанда
51
Арғұндар ежелгі ғұндардан таралып, солардың атының этнонимі түрінде
сақталғаны байқалады» делінеді. Негізінде дұрысы