52
өзінің атына сай және күншығысты мегзейтін күн таңбасы – дөңгелек
күн
суреті. Әлемге жайылған ғұндар осы таңба арқылы танылған.
Бір көз, екі
көз, үш көз,
төртеуі біріксе,
төрт көз
суретін салған туларын желбіретіп,
көрші елдерге ел бірлігін айбар қылып көрсетіп, бірліктерін осылай
бекітіп отырған. Қазақтан қалған мұра сөз - «
Төрт көзің түгел болмай
...»
деген нақыл сол кезден келіп отырған жоқ па? Еуропа елдеріне ишкуз деп
атын қалдырған ел – осы ғұндардың үш тайпа бірлігі – үш көз. Монғол
ханы Мөңкеге бара жатқан Людовик ІХ – елшісі, монах В.Рубрук Іле
алқабында «Эквиус қаласында болдым, одан шығып қарлықтар астанасы
Қойлықта болдым. Онда мұсылмандармен бірге, өздерінің шіркеуі бар
христиандар тұрады екен»- деп, жазады. Сондағы қазіргі Дунгановка
селосының орнында болған Эквиус – ғұндардың
Екі көзі
болуы мүмкін.
Осы ру-тайпалар мен тайпалық одақтардың аты қазақ ішінде қазіргі күнге
дейін сақталуда. Әрбір рудың өзіне тән таңбасы және ұраны бар. Бұл
таңбаны ерте кезде рудың малына басқан, сол рудан өлген адамдардың
моласының басына тасқа ойып орнатқан. Бірнеше ру бірлесіп тоқтам
жасасқан жерде тасқа ойып белгі соққан. Ру таңбасы сол рудың нышаны
орнында қолданылған, рудың жалауларына салынған. Қазақтың көптеген
ру аттары сол рудың таңбасы арқылы аталған. Мысалы: бағаналы,
балталы, шанышқылы, ергенекті, тарақты, ошақты және т.б., сол сияқты
дулаттың, табынның
Достарыңызбен бөлісу: