Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


мемлекеттік  құрылымдардың бірі -



Pdf көрінісі
бет36/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

 
мемлекеттік 
құрылымдардың бірі

Қаңлы мемлекеті. 
Бұл туралы алғаш рет б.д.д. II 
ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл 
мемлекеттің территориясы Оңтүстік Қазақстанның ауқымды аймағы мен 
Ташкент ойпаты кіреді. Шығысында Талас бойы, батысында Арал өңірімен 
ұштасып отырды. Бірлестік билеушісі Дуанның (Ферғана) астанасы Эрти 
қаласынан солтүстік-батыста ірге тепкен Битянь қаласында орналасқан. 
Ғалымдардың бірі түркі тілдес десе, екіншілері Иран тілдес халық деседі. 
Қуатты мемлекеттік бірлестік болған. Б.д.д. І ғасырда құрылған «ерте Хань 
әулетінің жылнамаларында» Кангюй билеушісінің қол астында 600 мың 
халқы болып, әскерінің саны 120 мыңға жеткен дейді. Қаңлының ұлы 
билеушісіне 5 иелік бағынышты болыпты. Қаңлы мемлекеті өз алдына жеке 
саясат ұстап, көрші елдердің сырт жауларына, басқыншыларына қарсы 
күрестеріне жәрдемдесіп отырды. Б.д.д. 46-36 жж. Қытай империясына 
қарсы көтерілген солтүстік ғұндарға көмек беріп, біздің дәуіріміздегі 85 
жылы Шығыс Түркістан қалаларын иемденбек болған қытайлықтарға қарсы 
көтеріліске шыққан Қашғар билеушісіне әскер жіберді. Мұндағы қаңлы 
саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін 
сауда жолына ықпалын сақтап қалу еді. 270 жылдардағы мәліметтерге 
қарағанда мемлекеті жекелеген елдерге елшілік жіберіп отырған. Бесінші 
ғасырдаң ортасында Қаңлының күш-қуаты кеміп, Эфталит мемлекетінің 
құрамына енеді. Бұдан кейінгі кезеңде ол тайпа атауымен ғана белгілі.
Шаруашылықтың маңызды бір саласы – мал өсіру болған. Хорезм, Арал 
өңірі, Ташкент оазистерінде суармалы егіншілік жетекшілік орын алды. 
Дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірген туралы Қытай деректерінен көруге 
болады. Елді мекендерінің жұртынан бидай, бидай сақтаған ыдыстар, қол 
диірмен, астық пен бау-бақша өнімдерін сақтайтын құмыралар табылды.
Жерді тас кетпендермен өңдеген, жер өңдеуге сүйектен жасалған құралдар 
да қолданылған. Жетіасар аймағында өзеннен егістікке қарай келте 
тартылған (40-50 м) арық, атыз, әуіт және кішігірім су бөгендерінің орны 
табылды. Оған қосымша аң, балық аулауды да кәсіп еткен. Қаңлылардың 


50 
материалдық мәдениеті негізінен қоныстар мен обалардың орнынан 
табылған заттар бойынша анықталып отыр. 
Орталық Сырдария аймағында (Шаш, Отырар, Қаратау) тараған қаңлы 
материалдық мәдениеті тарихи әдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, Отырар-
Қаратау мәдениеті делінсе, ал І-мыңжылдықтың басынан бастап 
Сырдарияның төменгі ағысында бұлармен тектес Жетіасар мәдениеті деп 
аталады. Жетіасар мәдениетінің жұрттары көлемінің кеңдігімен, 
орналасуының 
айрықшалығымен 
және 
материалдық 
мәдениетінің 
ерекшелігімен сипатталады. 
Қазір ондаған қаңлы қоныстары белгілі. Ең ірі ескі қоныстардың бірі – 
Алтыасар. Ол трапеция пішінді болып келген төбе секілді. Алтыасар, Ақтөбе, 
Қарауылтөбе т.б. қоныстарды зерттеудің нәтижесінде оны мекендеген 
халықтардың өмірін, мәдени табыстарын байқауға мүкіндік туды. Қауыншы 
мәдениетінің неғұрлым жақсы зерттелген ескерткіштерінің бірі – Шардара 
маңындағы Ақтөбе конысы. Қаңлы қоныстарында көптеген тұрғын үйлер 
мен шаруашылыққа қажетті құрылыстар болған. Олардың сыртына дуалдар 
соғылып, ор қазылған. Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар, 
архитектурасы күрделі ғимараттар мен ою-өрнектер ежелгі қаңлылық 
мәдениетінің жоғары дәрежеде болғандығының бір айғағы. Үй 
шаруашылығы кәсіпшілігінен ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі 
зергерлік өнер мен тас, сүйек өндеу өнері кеңінен таралған. Жазба деректер 
мен археологиялық қазбаларға қарағанда Қаңлы мемлекеті Орта Азия 
мемлекеттерімен, Кавказ, Рим, Қытаймен қарым-қатынаста болған. Б.д.д. II-I 
ғасырларда қаңлылар өздерінің шаҺарларын соққан. Қаңлы тайпалардың 
саяси бірлестігі мемлекеттік құрылысқа тән көптеген белгілер орын алды 
деген қорытынды жасауға негіз бар. 
Қаңлылар одағында дамыған әлеуметтік-саяси иерархиялық құрылым 
археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Оларға сан-салалы әкімшілік-
саяси аппаратпен байланысып жатқан жоғары дамыған әскери ұйым да тән 
болды. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік 
құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар: 
әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі 
қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет