Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


ЕЖЕЛГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОТАН ТАРИХЫ (Б.Д.Д. XVIII ғ. – Б.Д. V ғ.)



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

 
2.ЕЖЕЛГІ КЕЗЕҢДЕГІ ОТАН ТАРИХЫ (Б.Д.Д. XVIII ғ. – Б.Д. V ғ.) 
2.1 Қола дәуірі. Көшпелі негіздің қалыптасуы 
Б.д.д. 
ІІІ-II-мыңжылдықта Еуразия даласының Орталық Азия 
аумағының тұрғындары қоланы игере бастады. Қазақстанды қола дәуірінде 
мекен еткен тайпалардың археологиялық ескерткіштері Андронов 
мәдениетіне жатады (алғашқы қазба жұмыстары Андроново селосы 
жанында–Оңтүстік 
Сібірдегі 
Ачинск 
қаласы 
іргесінде 
қазылып 
табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кетті). Оның тараған аумағы 
Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал және Орта Азия жерлері. Ал Қазақстан 
территориясы Андронов мәдениетінің негізгі орталығы болып табылады. 
Андронов мәдениеті Қазақстанда – Атасу, Бұғылы, Нұртай, Беласардан; 
Шығыс Қазақстанда – Кіші Қойтас, Қанай, Трушников; Солтүстік Қазақстан, 
Көкшетау облыстарында – Шағалы, Степняк, Бурабай; Батыс Қазақстанда – 
Ұралысай т.б. жерлерден табылды. Андронов мәдениетін зерттеген 
ғалымдар: А.Я.Тугаринов, С.А.Теплоухов, М.П.Грязнов, К.В.Сальников; 
қазақстандық ғалымдар Ә.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, А.Г.Максимова, 
С.С.Черников, А.М.Оразбаев. 
Зерттеушілер Андронов мәдениетінің шығуын жергілікті энеолиттік 
тайпалармен, енді біреулері Еділ бойындағы тайпалардың бері қарай 
ойысуымен байланыстырады. Көптеген зерттеушілер Андронов мәдениетін 
үнді-ирандық деп есептейді. Антропологиялық тұрғыда оларды еуропеоидтар 
санатына жатқызады. Андроновтық тайпалар – тұрмыстық мәдени 
ғұрыптары мен болмысының бірегейлігімен ерекшеленеді. Олар өзендердің 
салалары мен таулардың етектерінде тіршілік етіп мал шаруашылығы мен 
егіншілікті жарыса дамытты, металлургиясы өркендеді, әдет ғұрыптары 
ұқсас болып келді. Андронов мәдениетінің басты белгісі болып мәйітті 
жерлеу кезіндегі әшекейлеу еді. Жерленген мәйіттің басын батысқа немесе 
оңтүстік-батысқа қаратып өлікті бүктей жатқызып қойған. Олардың 
түсінігінше: біріншіден – қабыры бар домалақ оба да әлем іспеттес болуы; 
екіншіден - өліктің қабырда бүк түсіп жатуы нәрестенің жер-ана жатырында 
жатқан күйі деп болжауы. Қабір іргелері ретінде тас плиталардан құралған 
жәшіктер, олардың айналасына қырынан жерге қазылып қойылған тас 
плиталардан қоршаулар жасалды. Мұндай қабір зираттарын қазақ арасында 
«мықтың үйі» деп аталған. Кей – кездерде мәйітті өртеп жіберу тәсілін де 
қолданды. Андронов мәдениетінің келесі белгісі – қыш ыдыстар жасау, олар 


40 
қалып көмегімен немесе қолдан жапсыру тәсілімен әзірленген; бұл тәсіл 
бойынша әуелі ыдыстың түбі, сосын дөңгелектеп бүйірін, дөңгелек-иінін 
және жоғарғы жағын орнатады. Құмыра жасауда оның түбі теп-тегіс болып 
келсе, бейнеленген ою-өрнектерде геометриялық тәсілді қолдануда еді. 
Андроновшылардың құмыра, көзелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері 
жүздеген жылдар бойы сақталған, олардың қолданған элементтерін қазақтың 
қолданбалы өнерінен осы күнге дейін көруге болады. Андронов мәдениетінің 
келесі ерекшелігі – арнайы әсемдендірілген металл әшекейлердің 
формаларында еді, олар: алтынмен апталған дөңгелек сырғалар, спираль 
тәрізді оралған білезіктер, самайға тағылатын салпыншақтар, әртүрлі 
жүзіктер – зергерлік өнердің ғажайып үлгісі болып табылады.
Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді: 
1.
Ерте қола дәуірі б.д.д. XVIII-XVI ғ.ғ. 
2.
Орта қола дәуірі б.д.д. XV-XII ғ.ғ. 
3.
Кейінгі қола дәуірі б.д.д. XII-VIII ғ.ғ.
Орталық Қазақстанда 30-дан астам қоныстар мен 150-ден астам Андронов 
мәдениетінің мәйіттері табылған. Бұл өңірдің тән сипаты – оның 
монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты 
құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ерте қола кезеңі – Нұра, орта қола 
кезеңі – Атасу, кейінгі қола кезеңі – Бегазы – Дандыбай деген атауларға ие 
болды. Солтүстік Қазақстандағы Петропавл қаласының маңындағы қоныстар 
ерте қола дәуіріне тән ескерткіштерге жатады. Оның бір ерекшілігі – ежелгі 
қалалардың алдын алушылар(протиптер) деп атауға келетін қоныстардың 
пайда болуында еді. Солардың бірі – Челябинск облысы мен Қостанай 
облысының шекарасынан орын тепкен Арқайым болды. Орта қола кезеңінде 
үй құрылысы күрт өзгереді, қоныстардың өзіндік жоба-жоспары құрыла 
бастады. Мысалы, тұрмыс кешені деп Батыс Қазақстандағы Тасты- Бұлақ 
қонысын айтуға болады. Бұнда сол кезеңге жататын ондаған қорымдар мен 
қоныстар табылған. Шығыс Қазақстандағы – Ертіс, Бұқтырма, Алтай және 
Тарбағатай далаларында осындай ескерткіштер табылған. Оңтүстік 
Қазақстанда және Жетісу өңірінде тасқа қашалған Тамғалы және Қаратау 
петроглифтері шалқақтаған өнері көркемдік талғаммен, мейлінше шынайы 
жасалып отырған. Оларда соғыс арбалары, садақ тартып тұрған адамдар, 
ғұрыптық билерді орындап тұрған бишілер, барлық бейнелердің үстінен «күн 
басты тіршілік иелері» тұр. Қаратаудағы – Таутары қорымы, Арал 
алқабындағы – Тегіскен кесенесі – сан-салалы мәдениетті айқындайтын 
белгілердің бірі. Андронов тайпалары келесі ұрпаққа негіз болатын мәдени 
іргетасын қалап кетті. Ерте және орта қола кезеңінде олар отырықшы 
болған, аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Мал 
шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру 
үшін мал ұстаудың жаңа түрлері мен тәсілдері, соның ішінде жайлаулық 
тәсілі (жартылай көшпелі) қалыптаса бастады. Сонымен, үй іргесіндегі 
тепсеңнен – жайлауға көшу, одан көшпелі шаруашылықтың туындауы – 
қоғамның кәсіппен айналысу қатынасына күрделі өзгерістер енгені айғақ 
болып отыр.


41 
Тағы да басты өзгешілігі, металды өңдеу елеулі орын ала бастады. 
Зерттеушілердің пайымдауынша, кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде 
болыпты. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылса, ал 
Өспен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Көне металлургияның 
дамуына сондай-ақ Қазақстанның жер қойнауының байлығы да ықпал етті. 
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру тәсілін қолдана отырып, жыныстағы 
жез бен қалайының қосындысын көбейте білген. Борпас жыныста кенді 
«қайлалап» өндірсе, ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған. 
Сол сияқты, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш 
тіреулерді пайдаланған. Уақталған руданы арнаулы пештерде балқытқан. 
Ондай пештер Атасу, Суықбұлақ, Қанай ауылының қасындағы қоныстардан 
табылды. Металл балқытумен бірге олар оны шыңдау, шекімелеу, қыспалау 
әдістерін білген. Қолөнершілер шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті 
құралдар: орақ, балта, қанжар, найза, жебенің ұштарын жасаған. Металл 
өндірудің көлемі оларды басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік берді.
Шаруашылықтың дамуы артық өнім мен айырбастың кеңеюіне және 
осылайша байлықтың көбеюіне ықпал етті. Бұл қоғамның әлеуметтік 
құрылымынан көрініс тапты. Қоғамда ерлер басым маңызға ие болды. 
Патриархалдық отбасы үлкен рөл атқара бастады. Қалыптасып жатқан 
мүліктік теңсіздіктің күшеюі, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдердің 
бөлініп шығу үрдістері, этномәдени бірлестіктердің қалыптасуына ұйытқы 
болды. Әскери және шаруашылық қажеттілігі бойынша күрделі тайпалық 
одақтар қалыптасты. 
Қола дәуіріндегі Қазақстанның тұрғындары көне еуропалық нәсілдегі 
антропологиялық типте болып келеді. Оның этникалық тарихы 
зороастризмнің қасиетті жазбасы «Авеста» кітабында айтылған. Арийлердің 
отаны деп кітапта Арианам Вайджа – арийлер кеңістігі, яғни, Каспиден 
Тынық мұхитқа, Алтайдан Тянь-Шань Датья мен Ардвиға (Сырдария мен 
Амудария) созылған «Кең Байтақ Даланы» айтады. Орта Азияның 
кеңістігінде пайда болған дала пайғамбары Заратуштра әлемдік дінге бастама 
жасады. Діни сенімдердің үстем формасы болып жалғыз құдайға – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет