31
бір кездегі кереметтей көзтартарлық сән-салтанатында қалпына келтіріліп,
түрік әлемі халықтарын қуантты.
Сарыарқа жеріндегі жауһар жәдігерліктің бірі – Жошыхан мазары. Бұл
көне заман ескерткіші – қалқалы-күмбезді құрылысқа жатады. Қабырғасы
біркелкі күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Мазардың жанында
күмбезден, қалқадан құлап түскен кірпіш сынықтары шашылып жатыр.
Сынықтарына зер салғанда ашық жылы түсті, қызғылт қоңыр болып бабымен
күйдірілгені көрінеді. Осы кезге дейін алғашқы өңін жоғалтпай тұруы, оның
құрамын ұсақ қиыршық құмнан, түрлі тұждардан және басқа да қоспалардан
арылтып, арнайы дайындалғанын аңғартады. Ғасырлар бойы жел өтінде, күн
көзінде тұрған кірпіштер жаздың аптап ыстығы, қыстың қақаған аязы
әсерінен өрмекші торындай болмашы шытынай жарылғаны байқалады. Бірақ
әлі өңі таймаған, бояуы қанық, әдемі көгілдір жасыл түсті. Құрылыстың сырт
көрінісінің ерекше әсемдігін тас қалау шеберлері де ширата түскен. Ол -
мазар қабырғасының жоғары қарай тартыла өрілуі.
Ортағасырлық қалалар жайлы әңгіме өрбіткенде Атырау қаласының
терістігінде Жайық жағасында бой көтеріп, бұдан тоғыз ғасыр бұрын іргесі
қаланған Сарайшық қаласы жайлы айтпай кету әбестік болар. Бұл қала –
кезінде аты әлемге әйгілі болған Алтын Орда мемлекетінің астанасы.
Сарайшық Евразияны жалғастырған керуен жолдың бойында орналасып, аса
зор сауда – саттық қызмет атқарған. Сол кезде Сарайшықта шаруашылық пен
мәдениет дамыған; қыштан жасалған ыдыстар, пышақ, айна, күміс теңгелер,
білезік, сырға сияқты әсемдік бұйымдар болғаны археологиялық қазбалар
арқылы анықталып отыр. Иван Грозный 1578 жылы жалдамалы казактарды
жіберіп, бұлш жерді жаулап алады. Алтын Орда күйреп, Сарайшық енді
казактар билігі орнаған патша бекінісіне айналады. Отарлық озбырлыққа
қарсы күрескендер қала түрмесіне отырғызылады.
Сол ғасырлар тоғысында іргетасы қаланған қалалар біздің заманымызға
тұнжыраған тас, төмпешік төбе, үйінді топырақ, қазылған ор, құлаған үй
қабырғасы қалпында келіп жетті. Сол тұнып тұрған тарихи мұрағаттарға зор
мән беріп, сырын түсінуге тырысуымыз керек. Себебі, қазақтың киіз үйі,
тіркеспе қыстауы, тоқал тамы, қоржын үйі – біз үшін ескінің ескерткіші ғана
емес, теңдесі жоқ тәрбие құралы, ұлттық мақтаныш айғағы. Оларды танып,
тарихын зерттеу арқылы ата–бабаларымыздың өткендегі өміріне, тұрмыс–
салтына, күн көрісіне, өндіргіш күштеріне, құрылыс салу мәдениетіне,
әлеуметтік қарым-қатынастарына ілтипатымыз арта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: