Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

Қарлұқ мемлекеті 
(756—940 жж.). Қарлұқ туралы алғашқы деректер V ғ. 
жатады, ол кезде олар «бұлақ» деген атпен мәлім болыпты. Ежелгі 
түріктердің руникалық ескерткіштері «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш 
тайпасы) атын Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын 
қоныс тепкен көшпелі тайпалардың қуатты одағына да таратқан. Ерте орта 
ғасырды зерттеген ғалымдар бұл атауға ірі-ірі үш тайпаны біріктіреді: бұлақ, 
шігіл және ташлық . 
742 ж. Шығыс Түрік Қағанаты құлап, билік үш тайпаның: қарлұқтардың, 
үйғырлар мен басмылдардың одағына көшеді. Алайда 744 ж. тайпалар 
арасындағы қақтығыс ұйғырлардың жеңісімен аяқталады. Орталық Азияда 
жаңа мемлекет-үйғыр қағанаты (744—840 жж.) пайда болады. Өзінің 
одақтасы ұйғырлармен бәсекеге түскен қарлұқтар жеңіліске ұшырап, Жетісу 
жеріне қарай ығысуға мәжбүр болды. Жетісуға келген қарлұқтарға Түргеш 
қағандығы тойтарыс бере алмады. Сөйтіп, 756 жылы түргеш қағандығының 
орнында Қарлұқ Қағандығы құрылды. Көсемдері - Елтебер, билеушілері - 
Жабғы, ал 840 жылдан бастап - Қаған лауазымын тақты. Қарлық 
мемлекетінің негізгі аумағы шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста 
Сырдарияға дейін, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстық көлге 
дейінгі жерлер қарады.
Қарлұқ конфедерациясына халықтар этникалық жағынан бір тектес 
болмады, олардың ішінде түрік тілді тайпалар мен иран тілді-соғдылар, Таяу 
Шығыс пен Орталық Азия елдерінен ауған келімсектер бартұғын. Ықпалы 
бар аймақтарда, тұрғындарды түріктендіру үрдісі қызу жүріп жатты. 840 ж. 
Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жойып, ұйғырлар Түрфан мен 
Ганьчжоу аймағына еріксіз көшуге мәжбүр болады. Бұл оқиғаны қарлұқ 
жабғысы Білге Күл Қадыр-хан шебер пайдаланып, ел билеуге жаңадан қаған 
атын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет