62
селжүктер әулетімен болған аяусыз күрес, өзара қырқыстардың көбеюі
Қарахандар мемлекетінің күйреуіне әкеп соқтырады.
Қарахан әулетіне байланысты болған маңызды оқиғаның бірі – Сатық
Бегре хан 955 жылы (мұсылман аты - Әбд-әл-Керим)
мұсылман дінін
қабылдап, Ислам мемлекеттік дінге айналуымен атап өтеді. Енді, елді
исламдандыру көне түрік руникалық жазуын тықсырып, араб әрпіне
негізделген жаңа түрік жазуының түзілуіне жеткізеді. Сөйтіп, түркілер Ислам
әлемінің мәдени кешеніне енеді.
Қарахан әулетіндегі мемлекеттік құрылымның бір өзгешілігі - әскери
басқару әкімшілік басқарудан бөлінуі еді. Жер иеленуде – Икта институтын
енгізді. Иктаның бірнеше түрі болды.
Атап айтқанда, икта үлгісіндегі жер
сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Әскери икта
да көп тарады. Икта алған әскер басшылары оны өздеріне бағынышты
жауынгерлерімен бөліске салды. Үлес мөлшері адамдардың қызметіне,
әскери дәрежесіне және сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иктаны екінші
біреуге беру арнайы қағазбен (грамота) расталды.
Иктамен қатар жер
иеленудің басқа түрлері де болды. Қарахан билеушілері казынаға түсетін
салық көзі — үлкен жер бөліктерін иеленді. Мұндай ірі аювр бөліктері
жаудан тартып алынған жерлерден кірді. Мұсылман дін басыларының
қарамағында да ірі жер бөліктері болды. Ол жерден мемлекет пайдасына
салық алынбады. Жалпы икталық жүйе әлеуметтік жіктелудің күшеюіне,
дамыған қатынастардың мемлекеттік деңгейін бейнелеп берді.
Бұл кезеңде
мемлекет құрамындағы халықтарды біріктіруші «түрік» термині бұрынғы
жалпылықтан этникалық тұрғыдағы тар мағынаға ие бола бастайды. Қазіргі
Қазақстан аумағы мен Орта Азия арасында тығыз территориялық-
шаруашылық байланыстары орныға бастайды.
Сонымен, көшпелі дала мен қала мәдениетін үйлесімді қолдана білген
Қарахан мемлекеті болды. Осы үрдіс
халқының саяси, шаруашылық және
мәдени өміріне, діни нанымына және этникалық бірігуіне терең ықпал
жасады, қазақ халқының құралуына елеулі рөл атқарды. Яғни, оның
қалдырған дәстүрі кең байтақ Ұлы Далада жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: