3.3 Оғыз, Қимақ және Қыпшақ хандығы Оғыздар (ІХ-ХІ ғ. басы). Оғыздардың мекен еткен жерлері Қазақстанның
Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Арал маңы, Сырдария
жазығы, Қаратау баурайлары, Шу жазығы болатын. Әсіресе ықшамды
орналасқан аймақтары Арал өңірі, Каспий маңының солтүстік-шығысы мен
Сырдарияның төменгі ағысы. ІХ-Х ғасырдың басында Сырдария
атырабының ортаңғы және төменгі ағысы мен сол алқабына қабысып жатқан
Қазақстанның Батыс даласында
Мафазат әл-гуз - Оғыз мемлекеті құрылды.
Оғыздар туралы жазған Ибн әл-Факихтің еңбегі әртүрлі толық мәлімет
береді, соның бірі: «түріктер арасында өзгелерден гөрі көбірек
құрметтеледі», - дегені.
О. Сулейменов «Аз и Я» атты еңбегінде оғыздарды «б.д.д. VІІ ғасырда
белгілі болған елдердің бірі»,-деп келтіреді. Бұл жерде үзіндіні сол қалпында
аудармай келтірейік: «Ассирийские хроники эпохи царя Ассархадона пока
что – самый древний документ, могущий подтвердить факт существования в
VІІ веке до н.э. тюркского этнонима
иш-огуз ».
Шежіре түрік елінің жалпы
рухани өмірінде маңызды орын алады, бәлкім соны көріп естіген әл-Факих
оларды «құрметтеледі» деп келтірген. Осы сөздің мәнін ашсақ, ол - түркі
елдердің шежіре арқылы әрбір тайпаның шыққан тегі мен жасаған