Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


Мұрасы», қандай да болмасын түрік  халқына  ортақ мәдениеті



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

Мұрасы»,
қандай да болмасын түрік 
халқына 
ортақ мәдениеті
болып саналатыны содан. 
Сонымен, жоғарыда келтірілген себептер мен ХV ғасырдың бірінші 
жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр Хандығы, Жетісу мен Шығыс 
Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір 
ұрпақтарының мемлекеті және т.б. әулет араларындағы шиеленіскен күрделі 
саяси оқиғалар мен олардың даму барысы ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ 
Хандығын дүниеге әкелді. Сондықтан Керей мен Жәнібек сұлтандар негізін 
қалаған Қазақ Хандығының құрылу сипатын ашу үшін, ХV ғасырдың бірінші 
жартысындағы «
құбылыстар»
көтерген мәселелеріне тоқталайық. 
«Көшпелі өзбектер» мемлекеті деп аталатын Әбілқайыр Хандығы Дешті 
Қыпшақтың даласында 1428-1468 жылдары үстемдік құрды. 1446 жылы 
Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы Түркістан аймағын өзіне қаратып, 
астанасын Батыс Сібірден Сығанақ қаласына көшіреді. 1449-1451ж.ж. 
Мәуреннахрда болған саяси дағдарысты пайдаланып, таққа таласқан Темір 
әулетінің бірі Әбу Саидты қолдап Самарқан тағына отырғызады. Дәл 
осындай болған Ноғай Ордасындағы оқиғаны да тиімді пайдаланады. Бірақ 
орнатылған саяси тұрақтылық ұзаққа бармады, ішкі өмірінде бөліну 
ағымдары туындай бастады. Жошы әулетінен тараған Махмуд және Ахмед 
сұлтандар оған қарсылық көрсетті. 1457 жылы Сығанақ қаласының түбінде 
Әбілқайыр хан қалмақтардан (Үз Темір тайшы) жеңіліс табады. Ал ол өз 
кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлініп, Моғолстанда жеке 
хандық құруына қолайлы жағдайлар жасады. Әбілқайыр хан өлгеннен кейін 
де, ұрпақтарының арасында тақ үшін талас пайда болып, мемлекетінің 
ыдырау процесін тездетті. 
ХV ғ. 40-50 ж-да Моғолстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы 
Әбілқайыр Хандығымен салыстырғанда нашарлау болды. Мұхаммед Хайдар 
Дулати Моғолстанның саси өмірі туралы былай дейді: 
Есен Бұға хан өзінің 
әмірлеріне дұрыс қарамады...Әрбір моғол әмірі өз қалаулары бойынша күн 
кешті
. Тайпа билеушілері ханға бағынбағанын және тоқтау салатындай 
ханда күш те жоқ екенін байқадық. Сыртқы саяси жағдайы да мәз болмады. 
Моғол-қалмақ қатынастары көп жағдайда соғыс пен өзара жорықтармен 
шектеліп отырды. Қалмақтардың тонаушылық сипаттағы жорықтары елді 
күйзеліске ұшыратты. Сондықтан да Керей мен Жәнібек сұлтандардың 
Моғолстанға келуіне Есен Бұға хан қарсылық білдірмейді, қайта олардың 
келгеніне қатты қуанады. 
ХV ғ. ортасында Мәуреннахрға шығыстан Есен Бұға хан қауіп төндірсе
оңтүстік-батыстан Әзірбайжан мен Иранның солтүстігіндегі билеушісі Қара-
Қоюнлу әулетінің ұрпағы Жахан шах та, Ақсақ Темір ұрпақтарынан Хорасан 
аймағын қайтарып алуды ойластырады. Бірақ Мәуреннахр билеушісі Әбу 
Саид бұл қатерден оңай құтылады. Себепкер болған Есен Бұға ханның туған 
ағасы Жүніс сұлтанның Хорасанда болуы еді. Міне, осы Жүніс сұлтанды Әбу 


79 
Саид хан Есен Бұға ханға қарсы қолданады, ал өзі Хорасаннан Жахан шахты 
кетіруге барлық күшін жұмсайды. Жүніс сұлтанның Моғолстанға іргелес 
орнығуына байланысты енді қауіп Есен Бұға ханға төнеді. Енді оған ең басты 
қауіп қалмақтардан емес, әмірлердің бағынбаушылығынан емес, туған ағасы 
Жүніс сұлтаннан төнеді. Дәл мұндай жағдай Керей мен Жәнібек 
сұлтандардың Моғолстанға келуіне өте қолайлы болады. 
Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуінен Есен Бұға хан да, 
екі сұлтан да ұтылмайды. Есен Бұға хан өзінің хандық билігін қайтыс 
болғанша дейін (1462 жылға) құрды, ал екі сұлтан болса жаңа мемлекеттің – 
Қазақ Хандығының негізін қалады. 
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе және Моғолстан мемлекеті мен 
Әбу Саид мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар Әбілқайыр 
Хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысы, бәрі ХV 
ғасырдың 50 жылдарының аяғында Қазақ Хандығының құрылуына саяси 
алғы шарттар әзірлейді. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға 
көшіп келуін баяндайтын мәліметтер екі шығармада ғана бар: 
Біріншісі – 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі; Екіншісі - Махмуд 
Ибн Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манасиб ал-ахйар» еңбегі. 
Мұхаммед Хайдар 
Дулати мен Махмуд Ибн Уәли мәліметтерінде Әбу Саид ханның Есен Бұға 
ханға қарсы Жүніс сұлтанды қолдануы, не себепті Қазақ Хандығының 
Моғолстанның батыс бөлігінде пайда болғандығы, алғашқы қазақ ханы кім 
болғандығы және «қазақ» атауы не үшін Керей мен Жәнібектің соңынан 
ерген адамдарға қолданғандығы туралы фактілер көп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет