92
шоғына су
сеуіп, сөндіріп, әр шебер өзіне қажет мөлшерде ағаш көмірін
даярлаған. Қос көрікті пайдалану тәжірибесі де болған. Зергерлік өнерде
қолданған саймандар: балға, төс, қысқыш, оқбақыр, қауашақ, шымшуыр,
үгіндірік, шекіме, іскенже, күйентелі таразы,
саусақ қалып, сымтартқыш,
қалып, нақыш салғыштар, түртпе, бізбілдік, түтік, қадаубас, қайшы және т.б.
Балға
– ұста зергерлік әдістерді атқару үшін қолданатын құрал.
Балғаның шой балға, мүйіз балға,
қол балға, ағаш балға, шың балға, қадау
балға, тағы басқа түрлері болған.
Төс
–
шойыннан, шар болаттан жасалған,
ағаш тұғырға қондырылған құрал. Төске салып соғу, ию, кесу, шабу, тесу,
шыңдау, қақтау, пісіру, бұрау сияқты түрлі әдістермен, әр түрлі металды
қыздырып, немесе суық күйінде өңдеген. Төстің құстұмсық төс, домалақ төс,
шың төс деген түрлері болған.
Қысқыш
– отқа қызған металды ұстайтын
құрал. Қысқыштың «жадағай таңдай», «қуыс тұмсық», «біз тұмсық», «кемпір
ауы» деген түрлері болған.
Оқбақыр
– темірден, саз балшықтан жасалатын,
сол жақ ернеуі сүйірлеу келген, су ағары бар, қорғасын, қола, үре күміс,
алтын қорытатын тұтқалы ыдыс.
Қауашақ
–
жұқа қаңылтыр немесе саз
балшықтан жасалған науа тәріздес ыдыс. Қауашаққа металды құйып, суыған
соң шығарып алып, әрі қарай өңдеген.
Достарыңызбен бөлісу: