Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

«ақсүйектің»
негізі саналатын 
төре
тобы – Жошы әулетінің ұрпақтары 
(аристократия тобы) және Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары саналған - 
қожа
әулеті. Қалған қазақ қоғамының элементтері 
«қара сүйек»
тобын 
құрды. 
Өзінің дүниеге келуінен бастап үстем тапқа жататын жошы ұрпақтары - 
сұлтан лауазымын алып отырды. Материалдық және рухани күй-ауқатына 
кіріптарсыз-ақ, тума бойынша сұлтандар әулеті - айрықша саяси құқықпен 
пайдаланылатын. Жүз бірлестігіне қосылмайтын және моңғол империясының 
дәстүрі сақталған кез-келген мемлекеттерде төрелер хан тағына үміткер 
болды.
Қазақ қоғамын хан басқарды, ол өзінің билігін ру басшылары мен 
сұлтандар арқылы іске асырып отырды. Арнайы тағайындалған жерде 
жылына бір рет мемлекеттік істі шешу үшін 
«кеңес»
өткізіліп отырды. 
Жоғарғы әлеуметтік қабаттың өкілін құрайтын 
хан
болды. Дәстүрге 
сәйкес, хан тағына сайлану әулет тегіндегі аға тармағы ғана құқылы болды. 
Ханның таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшылары өкілдерінің 
құрылтайындағы «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. 
Олар оны хан болуға лайық деп ұйғарып, ақ киізге отырғызып, үш рет хан 
көтеріп, «хан атасы» болған қадырлы адамның батасын алғаннан кейін ресми 
заңды хан болып тақта отыратын болды. Бұл «хан көтеру» салты – сұлтан, 
би, батыр және ру-тайпа басшыларының жаңадан көтерілген хан билігін 


88 
мойындайтығының айғағы еді. Хан тағына отырған соң оны құттықтап той-
мереке өткізілді. Хан келесі қызметтерді атқарды: 
1.
Хандықтың бүкіл жер аумағында билік жүргізді. 
2.
Елдің жоғары қолбасшысы бола отырып, оның негізгі қызметі мен 
басты міндеті - халқын жаулардан қорғау болды. 
3.
Оның жоғары қолбасшылық қызметінің нәтижесінде, ханға соғыс ашу 
мен бейбітшілікті жариялау құқығы берілді. 
4.
Мемлекеттің сыртқы саяси істерін анықтау мен келіссөз жүргізу 
құқығы берілді. 
5.
Жоғарғы сот қызметінің құқығы берілді. 
6.
Қоғамның барлық мүшесіне міндетті бұйрықтар мен заңдар шығару 
құқығы берілді. 
7.
Хан қызметі мен құқығы құқық ескерткіші ретіндегі «Қасқа жолда», 
«Ескі жолда» және «Жеті Жарғыда» анық бекітілген. 
Оның кеңесшілері, көмекшілері, жасағы (оның отбасының, мал-мүлкінің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскер), лауазымды қызметшілері 
(төлеңгіттер – сайлауыттар мен жасауылдар) және малайлары болды. ХVІІ 
ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында хандардың мекен құрған 
астанасы Ташкент пен Түркістан қаласы болды. 
Әкімшілік тұрғысынан қазақ хандығы ұлыстарға бөлінді, оларды 
сұлтандар
басқарды. Деректерге қарағанда, хандықта жиырмаға жуық ұлыс 
болды. Ұлыстың аумағын бекіту, табыс ету және жаттандыру ханның 
билігінде болды. Ұлыстың билеушісі сұлтан болды, ол ұлыстың жасағын 
басқарып қолбасшы қызметін атқарды. Олар өзге міндеттерден жеңілдік 
алды. Сұлтандарды би сотының айыптауына құқы жүрмеді, оларды 
айыптауға тек аға сұлтан немесе хан пәрмені ғана жүрді. Ал отырықшы 
егінші, қалалы аймақтар әмір, мың бегі, жүз бегі сияқты жергілікті жүйе 
бойынша басқарылды. 
«Қара сүйек» тұқымына жататын, ерте заманнан біте қайнасып кеткен 
бидің
алатын орны ерекше. Сондықтан бидің институты жалпы мемлекеттің 
саяси және мәдени өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарды. Әрине, қазақ 
мемлекетін хан басқарды дегенмен хан мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін 
өз кеңесшілерімен, яғни билермен ғана ақылдасып шешіп отырған. Ш. 
Уалиханов «Суд биев в древней народной форме» атты еңбегінде: 
«...Возведение в звание бия не обусловливалось у казахов каким-либо 
формальным выбором со стороны народа и утверждением со стороны 
правящей народом власти, только глубокие познания судебных обычаев, 
соединенные с ораторским искусством, давали казахам это почетное 
звание»,- деп, тайға таңба басқандай етіп жазған. Шынында, би атағын алу 
үшін қазақ азаматына байлықтың әлде мемлекет басшыларының ешқандай 
әсері жоқ еді. Биге бұрын ешқандай сайлау да болмайтын. Тек халықтың 
әдет-ғұрпы мен сот заңдарын терең біліп, оны өзінің шешендік өнерімен 
көпшілік алдында сынға түсетін адамды аса құрметті «би» атағы дәрежесіне 
жеткізетін. Өзінің тума біткен талантымен, қарапайым халықтан талай 
майталман билерді өмірдің өзі дүниеге әкелді. Мысалы, қалың қаржас ішінен 


89 
шыққан Шорман би он үш жасында, Есет Көтібарұлы жиырма жасында 
дүйім жұртты аузына қаратқан би атанып еді. Міне, осы аз мысалдардың өзі 
Қазақ мемлекетіндегі, хан өкіметіндегі билер орнын, би институтының 
ғасырлар бойғы қалыптасқан үлкен дәстүр, яғни халық даналығын көрсетеді. 
Патшалық Ресей өкіметі Қазақстан жерін түгелдей иеленіп, халқын 
бұратала тізе бүктіріп отарлау үшін қоғамдағы би институтын және оның 
ерекше орнын жан-жақты зерттеді. Себебі би институтын құртпайынша қазақ 
халқын түгелдей айтқанына жүргізуге болмайтынын жақсы түсінді. Осынау 
берік дәстүрді – би институтын түп тамырымен құрту керек болды. 
Сонау 1820 жылдары белгілі зерттеуші Д. Самоквасов қазақ қоғамындағы 
би орнын жан-жақты зерттеп: «Звание бия в сознании народном принадлежит 
тем немногим, которые с природным даром красноречия соединяют в себе 
глубокие познания в коренных обычаях народа и в исторических о них 
преданиях»,- деп жазған. 
Сонымен, әкімшілік тұрғысынан ұлыстан кейінгі бөлініс - ру-тайпалық 
болды, оларды ру басшылары немесе билер басқарды. Билердің 
артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, әкімшіліктік 
және әскери биліктің үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды. Олар 
сұлтандармен қатар саяси рөл мәніндегі қызмет атқарды, ру басшылары 
ретінде жалпы мемлекеттік істерді шешуде қатысып отырды. Өте беделді 
билер хан маңындағы билер кеңесінде болды. 
Әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болған әскери 
көсемдер – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет