Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

төрт тұғырды
айтады. Олар: «Хан болсын, ханға лайық заң 
болсын; Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын; Абыз болсын, абыз 
сыйлау парыз болсын; Би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережелер. 
«Жеті Жарғы» - бүгінгі күні айтып жүрген құқықтық мемлекеттің басты 
белгілерін Әз Тәуке хан өз кезінде қазақ мемлекетінің бүкіл тыныс-тіршілігін 
заңға бағындырылғаны көрініс тапты. Мемлекеттік институттар: хан кеңесі 
мен билер кеңесі ел басқару жүйесін қалыптастырды. Ел басқару жүйелері 
мен қоғамдық тәртіптің негіздері заңдастырылып, олар құқықтық жолмен 
жүзеге асырылатын болды. Мұсылман діннің қағидаларын халықтың 
ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен шебер үйлестіріп, 
қылмыстық, отбасы және неке туралы баптарды негізгі заңмен ұштастырып 
берді.
Тәуке хан Қазақ хандығының ішкі мәселелерін ғана шешіп қоймай 
сыртқы саясатында да көрші елдермен байланыс жасай отырып
экономикалық қарым-қатынас орнатады. Соның ішінде Ресей елімен сауда 
байланысын жаңарту, Бұхар және Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-
қатынас жасасу. Ресей мемлекеті өз тарапынан Қазақ Ордасына елшілер 
жіберіп тұрады. Шекаралық мәселелерді шешу мақсатында 1692 жылы 
Андрей Неприпасов, Василий Кобяков бастауымен елшілік келеді. Қазақ 
Ордасының жағдайымен танысу үшін 1694 жылы Түркістанға Федор Скибин, 
Матвей Трошин бастаған елшілік жөнелтіледі. 1715 жылы Бухгольц 
басқарған экспедиция Шығыс Қазақстан мен Алтайға сапар шегеді. 1716 
жылы Белоусов бастаған елшілік қазақ жеріне келеді. Елшіліктің мақсаты 
Қазақ Ордасының жоңғарлармен қатынасы, әскери күш-қуаты, Орта Азия 
хандықтарының ұстанған бағыты, ішкі жағдайы, тағы басқа жәйттерді біліп 
қайту еді. 
Қазақ хандығының шығысында орналасқан жоңғар мемлекетінде Севан-
Рабтанның (1697-1727) билікке келуі қазақ-жоңғар қатынастарын одан сайын 
шиеленістіреді. Осы кезеңнен бастап жоңғарлардың қазақ даласына 
шапқыншылығы үдей түседі. Тәуке хан билік құрған кезде қырғыздар мен 
қазақтар арасындағы одақ жоңғар шапқыншылығына тосқауыл болады. Бұл 
одаққа қарақалпақтардың бір бөлігі де енеді. Тәуке тұсында 1698, 1711-1712, 
1714, 1717-1718 жылдары жоңғарлармен елеулі қақтығыстар болады. Қазақ 
әскерлері бірнеше рет жеңіске жеткенімен, жоңғарлар қазақ жерін толықтай 
босатпайды. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған 
баласы Болат хан билікті орнымен пайдаланып, халықтың басын біріктіре 
алмайды. Бұл жағдай Қазақ хандығының саяси жағынан бөлшектеніп, әр жүз 
хандарының жеке дара билік құруына әкеп соқтырады. Осылайша Қазақ 
хандығының орнына, Қазақ хандықтарының тарихы басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет