Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
зергерлік
ерекше орын 
алады. Бұл өнердің түп тамыры тереңде жатыр. Бабаларымыз кең байтақ 
жерінен алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын сияқты металдарды өндіріп, 
соларды құю, соғу, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын, әшекей 
бұйымдарды, тұрмыста қажетті заттарды жасаған. Археологиялық зерттеу 
нәтижелері де осыны дәлелдейді. Қазақтар зергерлік өнерде металды 
көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістерін қолданған: соғу, құю, 
қалыптау, оюлау, өрнектеу, зерлеу, күміске қақтау, алтын жалату, тағы 
басқалар. Күмістен шеберлер әр-алуан бұйымдар жасаған. Бұлардың ішінде 
әйелдерге арналған әшекейлер, сырт киімнің түймелері, киіз үйдің керегесін, 
уық, шаңырағын, есігін зерлеу, қару-жарақ, ер тұрманды әшекейлеу. 
Зергерлік – атадан балаға мирас болған, қадірлі, қастерлі өнер. Ұсталар, 
зергерлер әр түрлі құрал-саймандардың көмегімен темірден түйін түйеді. 
Зергерлік бұйымдар жасау үшін ең әуелі ұстаның шеберханасында көрік 
болуы керек. Көрік - әр түрлі металды қыздырып балқыту үшін қолданатын 
ешкінің терісінен жасалған ауа үргіш құрал. Тобылғы, сексеуіл, қарағай 


92 
шоғына су сеуіп, сөндіріп, әр шебер өзіне қажет мөлшерде ағаш көмірін 
даярлаған. Қос көрікті пайдалану тәжірибесі де болған. Зергерлік өнерде 
қолданған саймандар: балға, төс, қысқыш, оқбақыр, қауашақ, шымшуыр, 
үгіндірік, шекіме, іскенже, күйентелі таразы, саусақ қалып, сымтартқыш, 
қалып, нақыш салғыштар, түртпе, бізбілдік, түтік, қадаубас, қайшы және т.б.
Балға
– ұста зергерлік әдістерді атқару үшін қолданатын құрал. 
Балғаның шой балға, мүйіз балға, қол балға, ағаш балға, шың балға, қадау 
балға, тағы басқа түрлері болған. 
Төс
шойыннан, шар болаттан жасалған, 
ағаш тұғырға қондырылған құрал. Төске салып соғу, ию, кесу, шабу, тесу, 
шыңдау, қақтау, пісіру, бұрау сияқты түрлі әдістермен, әр түрлі металды 
қыздырып, немесе суық күйінде өңдеген. Төстің құстұмсық төс, домалақ төс, 
шың төс деген түрлері болған. 
Қысқыш
– отқа қызған металды ұстайтын 
құрал. Қысқыштың «жадағай таңдай», «қуыс тұмсық», «біз тұмсық», «кемпір 
ауы» деген түрлері болған. 
Оқбақыр
– темірден, саз балшықтан жасалатын, 
сол жақ ернеуі сүйірлеу келген, су ағары бар, қорғасын, қола, үре күміс, 
алтын қорытатын тұтқалы ыдыс. 
Қауашақ
жұқа қаңылтыр немесе саз 
балшықтан жасалған науа тәріздес ыдыс. Қауашаққа металды құйып, суыған 
соң шығарып алып, әрі қарай өңдеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет