90
мүліксіз - бірақ аса белгілі сұлтандар, кедей - бірақ өте беделді билер,
батырлар да кездесетін.
Ерікті қауымдастармен қатар қазақ қоғамында тәуелді топты құрайтын
құлдар
да болды. Құлдар көбінесе тұтқынға алынған адамдар мен құл
саудасынан
толтырылып
отырды.
Құлдар
негізінен
жеке
үй
шаруашылығында пайдаланылды, олар иелерінің малына қарады, егістіктерін
өңдеді, үй шаруасын істеді.
Қазақ хандығында мұрагерлік сипатта ауысатын жер иелену түрі
сойургал
болды. Салық түрлеріне:
малшылар -
зәкет, соғым, сыбаға, сыйлық
;
егіншілер мен қолөнершілер –
баж, ұшыр, хараж
; қоғамдық жұмыста
міндетін атқаратын -
мардикар
жатты. Әскерді қамтамасыз ететін салық түрі
тағар
болса, оларды қабылдау –
қоналғы
, әулеттілерді қабылдау түрі –
жамылғы
болды. Мұсылман дін иелері
вакфтік
жер иелену түрімен
қамтамасыз етілді.
ХV-ХVІІ
ғғ. қазақтардың шаруашылық саласы ретінде тарихи
қалыптасқан үш негізі болды: біріншісі – көшпелі мал шаруашылығы;
екіншісі – отырықшы егін шаруашылығы; үшіншісі – қол өнер кісібі мен
сауда-саттық. Олардың бастысы мал шаруашылығы. Малдың негізгі түлігі –
қой, жылқы, түйе және аз мөлшерде сиыр өсірді. Өндірістің формасы ретінде
шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды
маусымға қарай пайдалану
тәртібі қалыптасты, төрт маусымның төрт қонысы болды. Бұлар: жазғы
жайлау, қысқы қыстау, көктемгі көктеу, күзгі күздеу. Ал әрбір ру осыған
сәйкес белгілі бір жағрафиялық жер көлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін
ұстанды. Мал шаруашылығын жүргізудің өндірістік машық дәстүрлерін
сақтап қана қоймай, оны үнемі жетілдіру тәжірибесін жинақтау да қосарлана
жүрді. Әсіресе, малды сумен қамтамасыз етуде қазақтар әлем мәдениетіне
үлкен үлес қосты. Далалық аймақтарда, ұжымдық еңбектің нәтижесінде бұл
мәселені шешуге ерекше мән берген.
Шөлді аудандарда, терендігі 3-10
метрден 100 метрге дейін жететін арнайы құдықтар қазылған.
Зерттеушілеріміз Н.Масанов, М.Тұрсынов т.б. дәлелдегеніндей, жыл сайын
әрбір ру өзінің жаз жайлайтын жұртына келгенде бірінші шешетін мәселе –
ескі жабылып қалған құдықтарды аршып, сонымен қатар жаңа құдықтар қазу
болатын. Міне, сондықтан да қазақтарға өзендердің бойын ғана қуалап
көшіп-қонып жүру міндетті болмады. Малдың түліктік құрамы -
шаруашылықтағы белгілі бір түліктің маңызына, сауданың қажетіне,
жайылымдардың ерекшілігі мен кеңдігіне
және жергілікті малдың оған
бейімділігіне қарай анықталды. «Бұл халықтың байлығы мен дәулеті
басқадан да гөрі жылқысы мен қойының көптігінде. Қай салада болсын,
қажетті де, пайдалы малымен осы ордадан басым басқа халық бар деуге келе
қоймас», - деп орыс патшалығының зерттеушісі П.С.Паллас жазып еді.
Исі қазақ атауына аңшылық кәсібі таңсық дүние еді. Аң-құс аулаудың ата
тәсілдері мен құрал-саймандары өмір сүру заңдылықтарын бақылаған халық
тәжірибесінен туылды. Бұлардың көбі көне заманнан келе жатқан: ор қазу,
қақпан құру, тор жаю, атқы қою, түрлі тұзақтар құру, садақпен ату, қуалап
соғу, ау салу, ит жүгірту, құс салу әдістері еді.
91
Көшпелі малшылар үй
кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы
шикізаттарын өңдеумен айналысты. Қазақтар жүн мен теріні ұқсату ісін өте
жақсы білді. Қой жүнінен текемет пен киіз үйдің киіздері басылды. Сапасы
неғұрлым жақсы жүннен кілем тоқылды. Түйе жүнінен орыс шұғасы сияқты
тығыз мата тоқылды. Жылқының қылынан жіп пен арқан есілді. Иленген
теріден аяқ киім, киім, ыдыс тігілді, ат әбзелдерін т.б. әзірленді. Қойдың
құйрық майы мен әртүрлі иіс беретін шөптердің күлінен сабын қайнатты. Үй
кәсібінің жоғары дамыған туралы деректер баршылық, мәселен, өз
зерттеулерінде академик В.В.Бартольд көптеген мәліметтер келтіреді. Соның
бірі ретінде Лейден университетінің кітапханасында
сақталған еңбегінің
үзіндісін келтіруге болады: «Олар кафтанды (камзол) қойдың терісінен
дайындап оны әртүрлі бояумен бояйды, сол кезде атлас тәрізді кейіп алады.
Осы бұйымын Бұхараға әкеліп атластан жасаған кафтанның бағасымен
сатады, өйткені ол өте әдемі және биязы келеді. Оларда сол қойдың терісінен
жасаған керемет көзқызарлық шекпендері бар, ол суды өткізбейді және сыз-
ылғалдан қорықпайды. Себебі сол жақта өсетін шөптердің қасиетіне
байланысты теріні илеуде шебер қолданады». Теріні дайындау технологиясы
жайлы мәліметтерді сондай-ақ П.Паллас пен А.Левшиннің еңбектерінен де
табуға болады: «Қазақтар терілерді былайша өңдейді: әуелі теріден жүнін
қырқып, су бүркейді де, шиыршықтап, орап, жүннің түбі жидігенше жылы
жерге
тастайды, содан соң өтпейтін пышақпен қырнайды, ал қырналған
теріні кептіріп қояды, содан кейін тұщы сүтке, ал тері қалың болса,
ащытылған сүтке салып қойып, төрт тәулік сайын қырнап отырады.
Ақырында көлеңке жерде кептіреді, әбден
жұмсарғанша қолмен уқалайды
және аяқпен басады, содан соң ыстап тағы уқалайды, ақырында қызғылт
сары бояумен бояйды. Оны қазақтар қоянсүйек деп аталатын шөптің суына
ашытып, қайнатылған тұнбасынан дайындайды. Бояуды теріге екі жағынан
бірнеше рет жағып, әрбір жолы кептіріп отырады. Мұндай теріні жиі жууға
болады, олар өзінің қызыл сары түсін сақтайды», - деген еді.
Қазақтың қолөнерінде жете дамыған түрлерінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: