8. Оқу тәртібі
8.1. Университеттің
оқу сабақтары белгілі тәртіппен
бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте
бойынша ӛткізіледі.
8.2. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын
бӛлмелерде оқу сабағының қалыпты барысы үшін қажетті
тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталған-
нан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының
рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
39
8.3. Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар ӛткізу
үшін әрбір курс топтарға бӛлінеді. Топ құрамы факультет
деканының ӛкімімен белгіленеді.
8.4. Әрбір
топта анағұрлым үлгеруші және тәртіпті
студенттер қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы
тікелей факультет деканына бағынады.
8.5. Топ старостасының қызметіне мыналар кіреді:
студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне
қатысуының жеке есебі;
дәріс барысында және басқа да сабақтарда топтағы оқу
тәртібінің сақталуын, сонымен қоса оқу жабдықтарының
ұқыпты пайдаланылуын қадағалау;
студенттерді сабақ кестесіне енгізілетін ӛзгертулер туралы
хабардар ету;
дәрісхананы сабаққа дайындау үшін күн сайын кезекпен
топ бойынша кезекші тағайындау.
8.6. Топ старостасы студенттердің оқу сабақтарына қатысу-
ын есепке алу журналын жүргізеді.
8.7. Университетте студенттер білімін бақылаудың келесі
түрлері белгіленеді:
а) аталған пән бойынша ағымдық үлгерім бақылауы
(бақылаудың түрлері мен нысандары пәннің оқу бағдарламасы-
мен белгіленеді);
б) аралық
аттестаттау
(білім
бағдарламасының
оқу
жоспарында қарастырылған сынақтар мен емтихандар);
в) қорытынды
аттестаттау
(мемлекеттік
білім
стандарттарымен қарастырылған қорытынды мемлекеттік емти-
хан және дипломдық жұмысты қорғау).
8.8. Аралық
немесе
қорытынды
аттестаттаудан
ӛту
нәтижелері бойынша білім алушы Университет Жарғысында
бекітілген тәртіпте академиялық үлгерімінің нашарлығы үшін
ректордың немесе оның ӛкілеттілігіндегі басқа лауазымдық
тұлғаның бұйрығымен Университеттен шығарылуы мүмкін.
8.9. Білім
алушылардың
демалысы
тиісті
білім
бағдарламасының оқу жоспарымен белгіленеді.
|