Анықтамалық-КӚрсеткіш қарағанды 2021 мазмҧНЫ


 Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет45/74
Дата08.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#118989
түріАнықтамалық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Байланысты:
1-2-kaz

9. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері 
9.1. Университетте білім алушы құқылы: 
-
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәй-
кес сапалы білім алуға; 
-
мемлекеттік стандарттан басқа қосымша ақыға қосымша 
білім қызметтерін алуға; 
-
кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-
әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және 
пайдалануға; 
-
студенттік (оқушылық) ӛзін-ӛзі басқару органдарына 
қатысуға; 
-
ӛзінің пікірі мен сенімін еркін жеткізуге; 
-
ӛзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге. 
9.2. Университетте білім алушылар міндетті: 
-
Университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім 
бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын 
орындауға, міндетті оқу сабақтарына қатысуға және пәндердің 
оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған 
тапсырмалардың 
барлық 
түрлерін 
белгіленген 
мерзімде 
орындауға; 
-
білім саласындағы оқу, ғылыми үдерістерді, олардың 
ұйымдастырылуын және жүргізілуін реттейтін нормативтік 
актілер, Университет Жарғысының, осы Ережелердің, ҚарМУ 
Этикалық нормалар кодексінің, Университеттің басқа да жергілік-
ті нормативтік актілерінің талаптарын орындауға; 
-
оқу жоспарлары мен бағдарламаларына және Университет 
Жарғысына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды 
аттестаттаудан ӛтуге. Жеке оқу жоспары бойынша білім алушы-
лар аттестаттаудан Университет факультеттерінің декандары 
(басқа да бӛлімдердің басшылары) бекітетін жеке кесте бойынша 
ӛтеді; 
-
қатысуға міндетті оқу сабақтарына келмеген жағдайда 
Университет факультетінің (басқа да құрылымдық бӛлімше) 
басшылығын хабардар етуге және сабаққа келегн алғашқы күні 
қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық 
анықтамалар, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға; 


41 
-
Университет мүлкіне ұқыппен қарауға, осы мүліктердің 
сақталуын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға. Университетке 
материалдық шығын әкелген жағдайда білім алушылар азаматтық 
заңнамаға сәйкес оны ӛтеуге міндетті; 
-
әскери есеп ережелерін сақтауға; 
-
білім беру мекемесінің оқытушыларына, қызметкерлеріне 
және білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарауға; 
-
тәртіпті болуға, Университет аумағында тазалық пен 
тәртіпті сақтауға; 
-
қауіпсіздік техникасы, ӛрт қауіпсізідігінің ережелерін 
сақтауға; 
-
Университетте бекітілген кіру тәртібін сақтауға, соның 
ішінде ӛзінің кіру қағазын (куәлігін) басқа тұлғаларға бермеуге 
және ӛзі басқа тұлғаға берілген кіру қағазын (куәлікті) 
пайдаланбауға. 
9.3. Университет қызметкерлері мен білім алушыларына 
Ғылыми кітапханада қызмет кӛрсету тәртібі мен шарттары 
Университет ректоры бекіткен Ғылыми кітапхананы пайдалану 
Ережелерімен және Е.А.Бӛкетов атындағы ҚарУ ғылыми кітапха-
насы туралы Ережемен анықталады. 
9.4. Университетте шылым шегуге тыйым салынады. 
9.5. Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың 
қосымша 
құқықтары 
мен 
міндеттірі 
Университет 
жатақханаларында тұру ережелерімен және келісімшартпен 
белгіленеді. 
9.6. Үлгерімі жақсы, университеттің қоғамдық ӛміріне 
белсене қатысқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар 
белгіленеді: 
-
алғыс жариялау; 
-
грамотамен марапаттау; 
-
бағалы сыйлықпен марапаттау; 
-
сыйақы беру. 
9.7. Дәрісханалық сабақтарды 60 және одан да кӛп сағат себеп-
сіз босатқаны үшін студент Университеттен шығарылуы мүмкін. 
9.8. Оқу тәртібін (соның ішінде себепсіз сабақтан қалу), Ішкі 
тәртіп ережелерін (студенттің теріс қылықтар жасауы: сабаққа 
алкогольдік немесе есірткілік масайған күйде келуі, қоғамдық 


42 
тәртіпті бұзуы және т.б.), ҚарУ Этикалық нормалар кодексін және 
Жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін студентке келесі тәр-
тіптік шаралар қолданылуы мүмкін: 
-
ескерту; 
-
сӛгіс; 
-
қатаң сӛгіс; 
-
университеттен шығару



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет