24- бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салдары Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некенің (ерлі-зайыптылықтың)
тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың өздерінің неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық-
отбасылық) қатынастарынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары
мен міндеттері тоқтатылады.
5- тарау. НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ) ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ 25- бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану 1. Осы Кодекстің
9 - 11- баптарында
белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ
мынадай жағдайларда:
1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған
отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін
ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды
күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке
қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға
жіберуге міндетті.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
26-