48
ортадан да опасыздық көріп, сергелдеңге түседі. Ол өмірден
түңілгендей күй кешеді. Шернияз бейнесі арқылы жазушы өз
дәуірінің оқыған, зиялы азаматының, жан дүниесі күрделі
ақынының өз заманы арқалатқан ауыр қасіреттен шеккен
күйзелісін шебер де нанымды суреттейді.
Пьеса өлеңмен жазылған әрі ақ өлең үлгісі де молынан
кездеседі. Бұған себеп: бас кейіпкерлерінің ақын болып келуінен
болса керек. Бұл кейінгі қазақ драматургиясына өзгеше үлгі
болып енді.
Жүсіпбек Аймауытов — бойына сан қырлы шығармашылық
еңбекті біріктірген түлға. Оның шығармалары қай жанрда
жазылса да, көркемдік жетістерімен ерекшеленіп отырады. Оның
жарқын идеялы көркем шығармалары қашанда қазақ әдебиетінің
табысына саналады.
Достарыңызбен бөлісу: