Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
Әр топ “Найман-Ананың”мазмұнын айту.
Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.
Өмірде қымбат маған сен емес пе? Бір сенсіз маған өмір түн емес пе, Қасымда әркез менің сен жүргенде, Мына әлем жайнап жатқан гүл емес пе?
Төлеген Айбергенов “АНА” Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі , қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар,бәлкім ,басын иді көк маған. Әркез сенен туғанымды есіме алсам , тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей анааның жетімдігіін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапы лдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаға да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Білімділік мақсаты:
Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндініңмазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Дамытушылық мақсаты:
Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көзқарасын дамыту, оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге, ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Мағынаны тану
«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихын айтатын писхологиялық роман.
Ш.Айтматов
- Қазақ әдебиетінен қандай аналарды білеміз? - Қазақ әдебиетіндегі аналар бейнесі