65
көруге асығып келсе, қайран ару бұл дүниемен
біржола қоштасқан
екен.
Жазушы Шұға образын шебер жасайды. Шұғаның портреті де аса
тартымды берілген.
Бейімбеттің әңгіме хикаяттарының қай қайсысында болсын,
суреткерлік тәсіл жиі қолданылады.
Бақсы-балгерлердің ем-домына үйренген халықтың надандығымен
күресу идеясы Бейімбет творчествосынан кең орын алды. Оның «Иелі
ауру» әңгімесінде Тілеуқабыл деген шаруа кісінің үй іші трахома(көз
ауруы, басыр) ауруымен ауырса да дәрігерге көрінбей, құдайдың
жіберген иелі ауруы, не болса да, көндік дейтін дәрменсіздігі
сыналған.
«Естай ауылы» деген әңгімесі де «Иелі аурумен» тақырыптас.
Мұнда жұқпалы аурудың дертінен он бес шақты үйі бар Естай
аулында бес-алты ғана қараша үй қалғанын, олардың да түгел ауруға
шалдыққаны әңгімеленеді.
Кеңестендіру саясатының қазақ даласына бірқатар қиыншылық
алып келгенін Бейімбет ашық жазады. Ауылдың жаңаны қабылдай
алмай, оқшаулануы, аштық пен ауру жайлаған халық тұрмысы, сондай
ортаға жаңа тәртіпті күшпен кіргізіп, оны орнықтырмай жатып, ескіні
түгел қиратып, аласапыранға жол берген
заманның адам баласына
салған ауыртпашылығы Бейімбеттің әңгімелерінен нақты көрініс
тапты.
Жазушының «Күлпашы» – осы тектес шындықты бейнелейтін
туынды. Онда Бейімбет 1920-1921 жылдардағы аштық суретін бір
семьяның тағдыры арқылы ашады. әңгімедегі қайыр сұраудан пайда
түспей бұралып өлгелі жатқан Мақтым мен Қалидың аянышты күйі де,
оларды қимай, әрі аштық қысып, екінші жағынан жан сақтау үшін бай
адамға тұрмысқа шығу жөніндегі ой басын шырмаған Күлпаштың
трагедиясы да психологиялық тұрғыда нанымды берілген.
20-
жылдардың аяғынан басталған
колхоздастыру оқиғалары
кезінде орын алған асыра сілтеу фактілерін де Бейімбет әңгімелеріне
мол пайдаланған. Сол кездегі ел билеу жүйесінде орын алған
белсенділіктің халыққа тигізген зәбір залалын ол әдемі ашып
66
көрсетеді. Бұл тұрғыда жазушының «Қалекеңнің үйінде», «Даудың
басы – Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұқышы»,- тағы
басқа әңгімелері едәуір маңызды. Бұларда өкімет атынан қызмет
атқарып жүрген ауыл белсенділерінің нақты бейнелері жасалады.
Жазушының образ жасау әдісі әр қилы.
Кейде ол ел өмірінің
аласапыран тіршілігін суреттей отырып, әділдік пен әділетсіздіктің
күресін нақты фактілер арқылы көрсетеді, соған тілектес не қарсылас
адамдар әрекетін ашады.
Оның шығараларындағы жаңа типті адамдардың барлығы күрес
үстінде шынығып, өседі. Бұл тұрғыда Азаматтың да («Азамат
Азаматыч»), Бұзаубақтың да («Қызыл әскердің үйі»), Камиланың да
(«Кеңес ағасы – Кәмила»), Жақыптың да («Көктеректің бауырында»),
Әміржанның да («Әміржанның әңгімесі»), Раушанның да («Раушан –
коммунист») өсу жолдарында белгілі дәрежеде ұқсастықтар бар. Олар
өздерінің ескі ұғым түсінігін кеңейту, жаңарту жолымен де, ескілік
мінез құлыққа, ескірген санаға қарсы күресе жүріп те, дұшпандарының
кедергілерін жеңіп, жаңаға қарай жол табады.
Қысқасы, Бейімбет әңгімелерінде елімізде болып жатқан күрделі
оқиғалардың
бәрі дерлік сөз болып, суреткердің қаламына ілігіп
отырды. Бей
Бейімбет қазақ әдебиетінде қысқа әңгіме новеллалар жазудың
майталман шебері болумен қатар, прозада ірі туындылар – повесть,
романдар жазуға атсалысқан жазушы. Оның «Шұғаның белгісі»,
«Раушан- коммунист», «Он бес үй», «Берен» атты повестері
жұртшылыққа танылған шығармалар.
Б.Майлин «Раушан – коммунист» атты
повесінде қазақ әйелінің
образын жасауды мақсат еткен. Ауыл өмірін, ел адамдарының
психологиясын терең білетін жазушы «Раушан – коммунист»
повесінде суреттеген оқиғаларын кішкентай детальдарына дейін
реалды жағдайда, өмірде болатын қалпында бейнелейді.
Раушан
жиналыс басқарушыларының бірі болып сайланғанына қысылса, бірте-
бірте ел басқару жұмысын меңгере бастайды.
Повесте Раушанның өсу жолы да, Бәкенмен арасындағы қарым
қатынасы да реніш- күйініштері де нанымды суреттелген. Жаңашыл
67
Раушан мен әлі де ескі көзқарас шырмауынан шыға алмай жүрген
Бәкеннің арасындағы реніштердің негізін автор жаңа мен ескінің
арасындағы бітімсіз күрестен іздейді.
Б.Майлин – қазақ әдебиетінің проза саласында көркем әңгіме мен
новеллаларды
дамытумен қатар очерк, фельтон тәрізді жанрды да
көркейтуге атсалысқан жазушы. Оның «Сойқанды содырлар»(1928),
атты фельетондар жинағы мен «Алыптарды аралағанда»(1934) деген
очерктер жинағы жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: