Дастандары.
Мәшһүр Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған
ақын. Бірақ олар кезінде жарияланбай, қолжазба күйінде тараған.
Оның кейбірі жеке адамдардың өмірін өзек етсе («Жантемір қажы»,
«Шонтыбай қажы», «Нүсіп хан» т.б.), енді бірі құран сюжеттерінен,
шығыстық желіден алынып, солардың негізінде жазылған («Жер мен
көк», «Хаятбақшы», «Миғыраж», «Пайғамбардың дүниеден өтуі
туралы», «Гүлшат-Шеризат» т.б.) Жылпы алғанда, ол діни-танымдық
ойларын шығармашылығында орын алған өзге тақырыптардың
негізімен ұштастыра білген. Әр өлеңнен дінді арқау ете отырып
еркіндік пен азатшылдықты ұран қылып көтерген ақын мақсатын
айқын аңғарамыз.
Ақынның артында қалдырған мол мұрасы тек өлең-жырдан ғана
тұрмайды. Оның өз қолымен жазып қалдырған қолжазбасы
зерттеушілердің айтуы бойынша отыз томдай. Онда қазақ халқының
тарихы мен салт-дәстүрі, өнері мен әдет-ғұрпына қатысты ұшан теңіз
мұра бар.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – өмір бойы ғылым-білім үйреніп ізденіспен
өткен. Ғылым-білім арқылы ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура
жолды нұсқай білген ғұлама жанның бірі. Ол ХХ ғ. басындағы
әдебиеттің әр түрлі саласында қалдырған мол мұраларымен қазақ
әдебиеті тарихының тарихының аталған кезеңінен ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |