Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет8/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
СӨЖ тақырыптары
1. XX 
ғ.б. қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдебиет. 
2. XX 
ғ.б. қазақ зиялыларының саяси көзқарасы. 
3. XX 
ғ.б. оку-ағарту ісінің өркендеуі. 
4. XX 
ғ.б. қазақ баспасөзі. 
5. XX 
ғ.б. қазақ әдебиетінің зерттелуі. 
 
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ 
(1858-1931) 
 
Шығармашылық өмір жолы. 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылы 
Баянауылда Найзатас деген жерде дүниеге келген. Ол 5 жасында 
медресеге барып, алғашқы дәрісін алады. Кейінірек М. Көпеев Бұқара, 


12 
Түркістан, Ташкентке бірнеше рет барып, білім жетілдірген. 1907 
жылы ақынның 3 кітабы жарық көреді («Хал-ахуал», «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 
атты кітабында замана шындыңын суреттеп көкейкесті мәселелерді 
көтере білді. Суреткер ақын ретінде ілгерішіл ой айтып, қоғамдық 
өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсете алды. Сол тұстағы 
саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, өлеңдеріндегі ой-орамдары 
қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып 
жатады. «Хал-ахуал» жинағында ақын отаршылдықпен ере келген 
кесірлі құбылыстарды ашып көрсетіпел-жұртын қанап отырған билер 
мен әкімдердің, озбыр байлардың жағымсыз бейнесін суреттейді. 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы өлеңдерінде ұлт-
мүддесін көбірек көтеріп, халықты оянуға, өнерге, оөып жетілуге
мәдениетті ел болуға шақырды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – негізінен діни-ағартушы ақын. 
Шығармашылығындағы басты желі діни-таным төңірегінен өрбіп 
жатады. Яғни, діни-таным оның әрбір айтар ойына, толғамына тірек
қызметін атқарады. Мәшһүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне 
арналған өлеңдері азатшылдық, бостандық, тәуелсіздік ұғымдарын 
алға шығарады. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап 
қана қоймай, сол еркіндік пен тәуелсіздікке жеткізер әділетті 
жолбасышы да іздейді. Өлеңдерінде солардың өз көкейіндегі өз 
ойындағы бейнесін сомдайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлең толғауларымен бірге мысалдар да 
жазған. Ақынның «Жарты нан хикаясы» атты мысал өлеңі өзінің терең 
мәнділігімен де, айтар өсиетінің өрелігімен де құнды. Ақын адамның 
жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін өзінде барды місе тұтпай 
өзгедегіге қызыққаннан опық жейтін мінезін міней көрсетеді. Ақын 
ойының өзегі – діннің ғибадаттары мен өмірдегі адамдық істің 
бүтіндігі, бірлігі. Мәшһүр Жүсіптің тәлім-тәрбиеге бағытталған мысал 
өлеңінің бірі – «Шайтанның саудасы». Шайтан бейнесі арқылы ол 
адамдар бойына үйір еткен қастық, жауыздық, жамандықтарды 
таратушы тылсым күш иесін көрсетеді. Сол арқылы адамдар 
арасындағы алауыздық, зұлымдық, қызғаншақтық, өтірік айту, 


13 
ғайбаттық өркен жайғандығын меңзеп және ел ішінде соны 
таратушыларды, әзәзілдің тіліне ергіштерді өткір сынға алады. Онысы 
мысал жанрының табиғатына сай орынды шыққан. Ақынның мысал 
өлеңдерін қарастыра келе түйгеніміз, бұл жанрда да ақынның діни-
ағартушылық бағытынан алшақтамай, қайта сол бағыттағы ойын 
өрістете түскендігін аңғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет