91
Қаржылық тұрғыдан сауаты бар адамдар, қо-
лындағы ақшасын алдымен бірінші деңгейдегі
қажеттіліктерге, одан кейін екінші дәрежедегі
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, бұлардан
асса ғана үшінші деңгейдегісіне өтуге бола-
ды. Өмірге енді аяқ басқан студенттер арасын-
да бұл қажеттіліктердің орнын алмастырып,
шатастырып алып жататын жағдайлар жиі
болады. Мысалы, шәкіртақысы түскен кезде,
оны лезде көңіл көтеруге, ойын-сауыққа жұм-
сап жатады. Кейін келесі шәкіртақы түскенге
дейін қарны шұрқырап ашып, тамағына ақша
жеткізе алмай жүреді. Немесе ата-анасы жі-
берген ақшаға қымбат смартфон алып, басты
миссиясы болған оқуына керек құралдарға
жарымай жүреді. Кітап-дәптер алуға, қажетті
ақпараттарды басып шығаруға, тіпті көшірме
жасауға қалтасы көтермейтіндер де кезде-
седі. Қаржылай сауаттылық пен оны дұрыс
үнемдеп, дұрыс жұмсауды білмегендіктен,
адамдар кейде осындай жағдайларға кезігіп
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: