97
ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕЙНЕТ,
БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ
Өмірдің бірінші қажеті «еңбек» бола
тындай етіп құра біл.
Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ.
Антон Чехов
Адам баласының
әрқайсысында бойына да-
рыған өзіне тән қабілет, өзіне тән ерекшелік
болады. Осы ерекшеліктер оның қандай да
бір кәсіп, мамандық иесі болуына септігін ти-
гізеді. Абай атамыздың:
«
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
» –
деген өлең
жолдары осыған арналған болса керек. Хакім
Абай әр нәрсеге қарап көз қызартудың орны-
на, әркім өз қолынан келетін өнерді шыңдап,
өмірден өз орнын табуға шақырады. Өнер-
білім арқылы адам баласына ризық несібесі
98
беріледі. Алайда ризық ұғымын тек материал-
дық өлшеммен шектеуге болмайды. Жоғары-
да айтылған өнер, білім, қабілет, денсаулық,
отбасы, бала-шаға
сынды жақсылықтар да
осы ауқымды түсініктің ішіне кіреді. Берілген
әрбір ризықты капитал ретінде қарап,
оларды
пайдалы жолға салым ретінде салу саналы
адамның ісі екені белгілі.
Әсіресе бойын-
да қуаты бар кезінде,
жастық шағында ұзақ
мерзімде өзіне пайдасын тигізетін нәрселерге
инвестиция құюы өте құптарлық амал.
Адам жасы келген кезеңде, бойынан қуат кет-
кен заманда кеңшілік пен молшылықта өмір
сүрсе, қарттықпен қоса келген қиындықтар
жеңілдеу өтеді. Бірақ бұл үшін оның себебін
жасауды естен шығаруға болмайды. Өйткені
бұл дүние – себеп әлемі.
Амалын жасаумен
қатар, Құдіреті Күштіден жасап жатқан се-
бебіне береке сұрау оның жүзеге
асуының
ықтималдығын арттырмақ. Бізден бұрын өт-
кен ізгілер: «Уа Жаратқан,
өмірімнің соңы
мен жасымның ұлғайған кезеңін маған бе-
ретін ризық несібеңнің ең кең болатын уақы-
ты ет» - деп тілейді екен. Жас кезімізде тер
төгіп жеткен жетістіктеріміздің қарымы мен
зейнетін көру баршамызға нәсіп болғай.