ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021


Кең болсаң, кем болмайсың



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

Кең болсаң, кем болмайсың
» демекші, он-
дай адам жаннатқа да едәуір жақын болады. 


95


96


97
ЕҢБЕК ТҮБІ – БЕЙНЕТ, 
БЕЙНЕТ ТҮБІ – ЗЕЙНЕТ
Өмірдің бірінші қажеті «еңбек» бола
тындай етіп құра біл. 
Еңбексіз адал, жарқын өмір жоқ. 
Антон Чехов
Адам баласының әрқайсысында бойына да-
рыған өзіне тән қабілет, өзіне тән ерекшелік 
болады. Осы ерекшеліктер оның қандай да 
бір кәсіп, мамандық иесі болуына септігін ти-
гізеді. Абай атамыздың:
«
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
» – деген өлең 
жолдары осыған арналған болса керек. Хакім 
Абай әр нәрсеге қарап көз қызартудың орны-
на, әркім өз қолынан келетін өнерді шыңдап, 
өмірден өз орнын табуға шақырады. Өнер-
білім арқылы адам баласына ризық несібесі 


98
беріледі. Алайда ризық ұғымын тек материал-
дық өлшеммен шектеуге болмайды. Жоғары-
да айтылған өнер, білім, қабілет, денсаулық, 
отбасы, бала-шаға сынды жақсылықтар да 
осы ауқымды түсініктің ішіне кіреді. Берілген 
әрбір ризықты капитал ретінде қарап, оларды 
пайдалы жолға салым ретінде салу саналы 
адамның ісі екені белгілі. Әсіресе бойын-
да қуаты бар кезінде, жастық шағында ұзақ 
мерзімде өзіне пайдасын тигізетін нәрселерге 
инвестиция құюы өте құптарлық амал. 
Адам жасы келген кезеңде, бойынан қуат кет-
кен заманда кеңшілік пен молшылықта өмір 
сүрсе, қарттықпен қоса келген қиындықтар 
жеңілдеу өтеді. Бірақ бұл үшін оның себебін 
жасауды естен шығаруға болмайды. Өйткені 
бұл дүние – себеп әлемі. Амалын жасаумен 
қатар, Құдіреті Күштіден жасап жатқан се-
бебіне береке сұрау оның жүзеге асуының 
ықтималдығын арттырмақ. Бізден бұрын өт-
кен ізгілер: «Уа Жаратқан, өмірімнің соңы 
мен жасымның ұлғайған кезеңін маған бе-
ретін ризық несібеңнің ең кең болатын уақы-
ты ет» - деп тілейді екен. Жас кезімізде тер 
төгіп жеткен жетістіктеріміздің қарымы мен 
зейнетін көру баршамызға нәсіп болғай.


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет