5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
- негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші
жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
- қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі
принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
- заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту,
әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
- студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері
мен әдістерін игеру;
- әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану
дағдыларын үйрету;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |