Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Жыныс бездері және жыныстық жетілу



Pdf көрінісі
бет57/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Жыныс бездері және жыныстық жетілу
. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы 
секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде 
гормондар бөледі. 
Аталық жыныс бездері
ұмада орналасқан, 
андрогендер 
тобына жататын (тестостерон, 
андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің 
пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі 
түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. 
Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда 
кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе бастайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты 
қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады.
Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар 
жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады. 
Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу 
кешіккенде ғана білінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет