Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет56/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Ұ йқы (қарын асты) безі
– қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы 
секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің 
Лангерганс аралшықтары гормондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта 
клеткалары бар. Альфа клеткаларында 
гликоген
, бета клеткаларында 
инсулин
гормоны бөлінеді.
Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсутегінің, майлардың алмасуына қатысады.
Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Қандағы қанттың мөлшерін көбейту 
үшін бауырдағы гликолизге қатысады. Сөйтіп организмді қажетті қантпен қамтамасыз етеді. 
Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Ас ішкеннен кейін организмдегі 
әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейеді. Бұл кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, 
ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып 
глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия 
қоры ретінде пайдаланылады. 
Ұ рық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа 
туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір граммынан 10Е (халықаралық өлшем бірлік), ересек адамнан 2Е 
инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180Е инсулин бөлінеді. 
Инсулин гормонының мөлшері азайса 
қант диабеті
аруына шалдығады. Ондай аурудың шөлі 
қанбайды, несепте қант пайда болады. Науқастың қанындағы қант мөлшері 200-500 мг% дейін көбейеді. 
Несеп арқылы тәулігіне 10-150 г глюкоза денеден шайылады. Май алмасуы бұзылады, қанның 
құрамында холестериндер, кетондар көбейеді. Науқастардың көбінде дем шығарғанда ацетон исі 


сезіледі. Ең алғаш баладағы қант диабеті ауруының пайда болғанын 1696 ж. Мортон жариялаған. Ал ол 
ауру аралшықтардың қызметіне байланысты пайда болғанын 1877 ж. Лангерганс тапқан.
Балаларда ауру тез асқынады, ал ересектерде біртіндеп дамиды. 
Глюкагон гармонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы болады. 
10 жастан кейін өзінен өзі ауру жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы 
қабатындағы адреналин гормоны басады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет