агглютинин ß бар адамдар
39%, олар ІІ-топқа жатады;
3.
Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин
а бар кісілер 15%, олар ІІІ-
топқа жатады;
4.
Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%,
олар IV-топқа жатады.
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп донор мен
реципиенттің қандарын тексереді.
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның корғаныс жүйелері бар екені
анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған р е з у с -
ф а к т о р деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ.
Резус-факторы бар адамдарды он-резусты (R.Һ+), жоқ адамдарды сол-резусты (R һ-) деп атайды. Егер
RҺ+ кісіге RҺ- адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал
екінші рет сондай кан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді
бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға
байланысты R.Һ+ жүкті әйелдердің ұрығына R.Һ- әкесінің факторы тұқым куалап ауысқанда жүкті
әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондыктан жүкті
әйелдердін қанында бұл фактор болмаса, оның күйеуінің канының факторын тексереді де, ол R.Һ+
болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.
Сонымен, қанды кұю үшін реципиентің қанының АВО және RҺ-факторын міндетті түрде
тексеру қажет.