Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет79/123
Дата08.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#120043
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123
Байланысты:
Лекциялық сабақтар

Иммунитеттің жас ерекшеліктері. 
Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрыктың қанында антигендер 
болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының корғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде 
ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының канындағы антигендерді плацента ұрыққа 
өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру 
кабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған 
антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашкы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз 
өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінін 
құрамында 
болады. Баланың иммундық қабілеттері 
күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама 
төмендейді де 20 жастан 40 жаска дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. 
Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммуңдық қабілет те төмен болады. 
Балалар мен жас өспірімдердің ауруларының алдын алуда арнайы екпелердің маңызы зор: 
1.
Туберкулезге (көксауға) қарсы бірінші екпе 5-7 күндері жасалады да, 7, 12, 17 жаста 
кайталанады. 
2.
Полиомиелитке қарсы бірінші екпе 2 айда жасалып, 1, 2, 3, 7, 15-16 жаста кайталанады. 
3.
Дифтерия (күл) мен көкжөтелге (коклюш) қарсы бірінші екпе 5-6 айда, 2-3 және 6 жаста 
қайталанады. 
4.
Шешекке қарсы бірінші екпе 1-1,5 жаста, 8 және 15 жаста қайталанады. Бірақ соңғы кездерде 
бұл аурудың толық жойылуына байланысты қазір мүндай екпені жасамайды. 
5.
Қызылшаға қарсы 10 айдан бастап 8 жасқа дейін бір рет қана егіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет