Мәліметтер мен зерттеу әдістері:
Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен нақыл
сөздерін оқып, оларды түсініп, қорытынды жасау.
Зерттеру нәтижесі
:“Ғылым таппай мақтанба” өлеңіндегі Абайдың бес асыл ісінің бірі
ол
–
еңбек.
“Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
–
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
–
Бес асыл іс, көнсеңіз
.” ,-
деп барша игіліктің негізі еңбек деп санаған ақынның ойы
бүгінгі күні де мағыналы құндылық, және болашақта да солай болып қала бермек. Ақын
шығармаларында адал еңбектің ғана қоғамды алға бастыратынына баса назар аударған.
“Түбінде баянды еңбек егін
салған”, « Сабырсыз, арсыз, еріншек », «Шегіртке мен құмырсқа
»
-
деген өлеңдерінде де осы мәселе айтылады.
Қорытынды
:«Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты ,
ұлғайды арман », «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең
-
сөздің патшасы, сөз
сарасы.», «Адамның кейбір кездері»
-
адамгершілік, «Тұтқындағы батыр», «Туғызатын ата
-
ана жоқ», «Адамның кейбір кездері» , «Кешегі Оспан ағасы », «Кешегі өткен ер Әбіш»,
«Ата
-
анаға көз қуаныш»
-
отбасы тәрбиесі, «Жүргеім нені сезесің?», «Не іздейсің көңілім, не
іздейсің ?», «Жүрегім,ойбай, соқпа, енді», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ»
-
эстетикалық
тәрбие, « Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» , «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай
мақтанба» өлеңдерінде, « Бірінші қара сөзінде » білім
-
ғылымға қатысты ақыл
-
ой тәрбиесі
айтылады.Тәрбиелік мәңі зор бұл өлеңдер қазақ халқының баға жетпес мұрасы. Осы
өлеңдерді насихаттап, келешек ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Осы мақсатта қазіргі күні
интернет желісінде,инстаграмда Абай атамыздың өлеңдерін оқудан үлкен марафондар
өткізілуде. Яғни кіп
-
кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап, ақсақалдарымызға дейін осы
марафондарда қатысып, өздерінің үлестерін қосуда. Алдағы уақытта карантин бітіп, тағы да
көптеген іс шаралар болады деп күтеміз.
142
Достарыңызбен бөлісу: |