«Сөзді айтуға көмектес» ойыны Ойынның мақсаты: Сөздерді толық әрі дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, ал
балалар сол буынға қатысты сөзді тауып жалғастырады. Мысалы: Қа-қалам,
әй-әйнек...
«Бұл қай кезде болады?» ойыны Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері және табиғат құбылыстары туралы
түсініктерін арттыру
Ойынның құрал-жабдықтары: жыл мезгілдерінің суреттері
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жыл мезгілдерінің және
табиғат құбылыстарының суреттерін таратып береді. Содан кейін әр баладан
бұл құбылыстар қай кезде болатынын сұрайды. Мысалы: қар жауып жатқан
суретті алған бала бұл қыс мезгілінде болады деп жауап береді.
74
«Керісінше айт» ойыны Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.