«Ғажайып үйшік» ойыны
Ойынның мақсаты:
Баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу
арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін
қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсете
білуге,шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты:
Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа, күшік,
т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғарығы шығымын» деп
әндетеді. Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен
жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп
әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп,балалар әуенді тыңдап,
сәйкес келетін аңдардың, жануарлардың, балапанның, бақаның, т.б.
суреттерін басқыштармен жүргізіп,үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден
көрінген суретке қарап,олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |