Серуенбарысында мектепке дейінгі балалармен баланың қиялын
белсендендіретін әр түрлі тәсілдерді қолдану ұсынылады: жандандыру,
табиғат заңын өзгерту, үлкейту, нысанның әрекет кезеңін кішірейту және т.б.
Мысалы, тәрбиеші балаларға: «балалар, қане ағашты тірілтейік: оның анасы
кім? Оның достары кім? Желмен ол не туралы айтысады? Ағаш бізге не
туралы айта алады?” Эмпатия әдісін қолдануға болады. Балалар бақылау
орнында көз алдына елестетеді: «Егер сен гүлге айналып кетсең, нені
армандар едің? Кімнен қорқар едің? Кімді жақсы көрер едің?»