77
еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі – бүгінгі күннің өзекті
тақырыбы. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты
үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың
білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына
сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Олай болса педагог
тәрбиешінің алдындағы басты міндет – ХХІ ғасыр білім ғасырының есігін
еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық бай, ой-өрісі
дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді
ұрпақ
тәрбиелеу.Мектепке
дейінгі
балалық
шаққа
бейімделген
ӨТШТ
технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді,
және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның
қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге
мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың
ой-өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және
денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық
тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру,
проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға
үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті. ӨТШТ балалар мен педагогты ойлануға,
шығармашылықты көрсетуге ынта-ландырады. ӨТШТ педагогикалық қарым-
қатынасы негізінде жасалып, бала мен педагогтың ынтымақтастығын жолға
қояды. Балалардың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Өздерінің күштері
мен мүмкіндіктерін пайдаланып, олардың қоршаған ортаға деген
қызығушылығын қолдайды.Балада танымдық қызығушылықтың болуы-
олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да іс-
әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып
өз нәтижесін көрсетіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: