Тәрбиеші:
Енді,төрт түлік туралы қандай
мақал-мәтел, жаңылпаш, тақпақ, өтірік өлең,
тыйым сөздер білеміз?
Тәрбиеші:
балалар, кім төрт түлік туралы
тақпақтар біледі?
Бала:
Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы
Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын,
Зеңгі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау,
Ойсыл қара өсірген түйенің төлі-бота,
Сексек ата өсірген ешкінің төлі-лақ.
Өтірік өлеңдер:
Бала:
Қарағаштың басына
Қауын,қарбыз өсіпті.
Түйе мен сиыр қызығып,
Қыста жейміз десіпті.
Бала:
Сарымсақ,сәбіз бөлмеде
Өскенін көп ел көріпті.
Қой мен ешкі төлдерге
Тамақ жасап беріпті.
Жануарлар бақтағы
Жеміс жеуге келіпті
Суда өске жүзімді
Жылқы мен түйе теріпті.
Тәрбиеші:
Ал,енді балалар мен сендерге
мақал-мәтелдің мағынасын мнемокесте
арқылы мәнін ашып айтамын экранға назар
аударамыз.
«Сиырдың сүті-тілінде»
«Жылқы малдың патшасы,
Түйе малдың қасқасы»
Достарыңызбен бөлісу: |