«Өз үйіңді тап» ойыны Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын
дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау.
Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша
үлкен шеңберлерге тұра қалады.
«Қандай пішін шықты?» ойыны Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін
құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін
құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты?Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны
шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?