Тілдік құзыреттілігін дамыту. «Жаңылтпаштар» Мақсаты: балаларды жаңылтпаштарды дұрыс әрі жылдам айтуға
үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: жаңылтпаштар
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға жаңылтпаштарды айтады. Балалар
оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.
«Не дыбыстайды?» Мақсаты: балалардың ненің қалай дыбыстайтынын білуі,айтуы керек.
Ойын барысы: топта не дыбыстайтынын айтып беру. Сипаттау арқылы
балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.
«Әртүрлі сөздерді жинақта» Ойынның мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып
үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: Заттық суреттер
Ойынның мазмұны: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның
соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма-
автобус-сабын- нан…