Арман пв баспасы


Баласағұн қаласының шығу тарихы туралы



Pdf көрінісі
бет20/345
Дата08.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#120515
түріКнига
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   345
Баласағұн қаласының шығу тарихы туралы
Зерттеуші­ғалым У.Шалекенов өзінің «Қазақ мәдениеті» атты кітабында былай 
дейді: «Қашқари еңбегінен Баласағұн қаласының этимологиясын анықтадық: 
«Сағұн» – қарлұқ жұртының мықтыларына берілетін ат, лақап. Түрік тәуіптерін Ата 
сағұн дейді». Қаланың аты екі сөзден құралған. «Бала» деген түрік сөзі баршаға 
мәлім болса, «сағұн» – хакан, хан, князь. Олай болса, Бала хакан; бала князь; 
бала хан болып, Баласағұн деген ұғымды құрайды, яғни жас түркеш, әйтпесе қар
-
лұқ хаканының қаласы деген сөз» деп өз ойын түйіндейді. Ал С.Сыздықов өзінің 
«Қарлық – Қарахан мемлекеті» атты монографиясында: «Осы қала атының әуелгі 
екі түбірі бары байқалады. Олар: «бола» және «сағұн». Этимологиялық талдауда: 
біріншісі – «боло», «було», яғни тайпа аты, ал екіншісі – «соғұн», «сағұн» болып, 
қарлық тайпасының көсемі атағын білдіреді.
Қала атауы екі негізден тұратыны айқын. Бұл атауды «Балауса және ғұн» деп ал
-
сақ та болады. «Балауса» сөзі көне түріктің осы күнге дейін мағынасын жоғалтпай 
сақтап келе жатқан ежелгі сөзі екені белгілі. Ол жас дегенді білдіреді, ал ғұн Орта 
Азиядағы ежелгі ұлы тайпалардың бірі екені белгілі. Сонда «Жас ғұн, яғни жас не
-
месе балауса ханзада» дегенді білдіреді. Қалай болғанда да, бұл қаланы ғұндар
-
дың жас патшасы салдырғаны немесе билегені осы атаудан­ақ байқалады.
А.Шайділдаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   345




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет