60
газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жарияланды. Осы
жылы желтоқсан айында II жалпы қазақтық съезд шақырылып, онда
Алашорда үкіметінің құрылғандығы жария етілді. Өкінішке орай,
Алашорданың өмірі қысқа болды, 1918 жылдың қараша айында Алашорда
үкіметі кеңестік қызыл әскердің күшімен талқандалды. «Алаш» партиясының
көшбасшылары мен мүшелері қуғын-сүргінге ұшырады.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен алғашқы саяси ұйымдар мен қозғалыстар,
саяси партиялар өмірге келді.
Олардың қызметін реттейтін алғашқы заң актілері 1991 жылы «Қазақ
КСР-нің қоғамдық ұйымдары туралы», 1996 жылы «Қоғамдық ұйымдар» және
«Саяси партиялар туралы» заңдары шықты.
Ал 2002 жылы шілдеде «Саяси партиялар туралы» заң қабылданып 2008
жылы қарашада заңға түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Заңның 10-бабына
сәйкес партия мүшелерінің саны 40 мыңнан кем болмауы тиіс. Заңның 5-
бабына сәйкес оқу орындарында саяси партияның бағдарламасы немесе
сайлауалды бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге
тыйым салынған.
Бүгін Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Олар «Нұр Отан» партиясы,
Қазақстан Коммунистік халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол»
Демократиялық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-деморатиялық патриоттық
партиясы, Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы.
2016 жылы 20 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезектен тыс сайлауы және Маслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына
6 саяси партия қатысты. Олар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Коммунистік
халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, «Бірлік»
саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және «Ауыл»
халықтық-деморатиялық патриоттық партиясы. Сайлау қорытындысы
бойынша, партиялардың үшеуі ғана жеңіске жетті. Олар: сайлаушылардың
82,15 % даусын жинаған «Нұр Отан» партиясы айқын басымдықта жеңіске
жетті. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 7,18 % дауысқа ие
болса, Қазақстан Коммунистік халық партиясы 7,14 % дауыс жинады.
Мәжілістегі орындарға таласқан қалған үш партияның көрсеткіштері
мынадай: «Бірлік» саяси партиясы- 0,29 %, Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы - 1,18% және «Ауыл» халықтық-деморатиялық
патриоттық партиясы - 2% ғана дауыс жинады.
3. Қоғамдық-саяси қозғалыстар – әлеуметтік-экономикалық, саяси және
рухани тілегі бір адамдардың бірлескен тобы.
Достарыңызбен бөлісу: