Энергетика



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата08.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#120917
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
саяси

Бақылау сұрақтары 
1 Саяси мәдениет терминін ғылыми айналымға енгізген кім? 
2 Саяси мәдениеттің танымдық элементі дегеніміз не?
3 Саяси мәдениеттің белсенділік типіне анықтама беріңіз? 
4 Конвенционалдық саяси қатысу дегеніміз не? 
5 Тұлғаның саяси құрылымына жататындар? 


68 
12 тақырып. Саяси сана мен саяси идеология 
 
1 Саяси сана: түсінігі, құрылымы мен функциялары. 
2 Саяси сананың формалары мен деңгейлері. 
3 Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен 
рөлі. 
Дәріс мақсаты:
саяси сананың мәні мен мазмұнын ашу, құрылымы мен 
атқаратын қызметтерін талдау және идеологияның қоғам өмірінде алатын 
орны мен рөлін зерделеу. 
1. Саяси сана адамзат қауымдастығының рухани өмірінің маңызды 
элементі. Саяси сана жекелеген адамдардың және олардың әр түрлі 
қауымдастықтарының саяси билікке, мемлекетке және оның органдарына, 
партияларға, саяси ұйымдар мен қозғалыстарға, дәстүрлерге, саяси өмір 
нормаларына, саяси құндылықтарға қатынастарын көрсететін түсініктердің, 
көзқарастардың, мақсаттардың жиынтығы. Саяси сананың қайнар көзіне 
отбасы, индивидке әр түрлі деректерден келіп түсетін ақпарат және оның жеке 
басының өмір тәжірибесі жатады.
Адамдар саясатты және саяси құбылыстарды моральдық категориялар – 
жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік арқылы бағалайтын 
болғандықтан, саяси сана мейлінше моральдық көзқарастармен жиі қабысады. 
Ал, құқықтық сана мен саяси сана жарым-жартылай қиысады, өйткені 
көптеген саяси қатынастар құқықпен реттеледі, мемлекеттің көп қырлы 
қызметі құқықпен жанасады.
Саяси сана құрылымы күрделі. Саяси сананың құрылымы қоғамдық 
қызметтің әр түрлі салаларын кеңінен қамтиды және жеке тұлғаның саяси 
процеске қатынасу үлгілерін қалыптастырады. Осылайша саяси сана 
құрылымының, келесі негізгі компоненттерін гносеологиялық, аксиологиялық 
және әлеуметтанулық деп бөліп көрсетуге болады.
Саяси сананың гносеологиялық компоненті нақты шындықты сенімді 
бейнелеуі көзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы 
айырмашылықтарды ашып көрсететінін ерекше атап айтамыз. Аталған 
құрылым саясат әлемінің әр түрлі жақтарын қандай да бір деңгейде 
бейнелейтін субъектілердің барлық көзқарастарын білім ретінде қарастыруды 
ұйғарады. Осы жерде, саяси шындық пен жалған, саяси ақыл-ойдың адасуы 
және саяси әлем құпияларына оның ену күшінің арақатынасы, бейнелеудің 
мифологиялық, утопиялық және ғылыми типтерінің және т.б. арақатынасы 
мәселелері қарастырылады.
Саяси сананың аксиологиялық құрылымы саяси саладағы рухани 
құбылыстарды танып білуші субъект үшін олардың тиімді немесе тиімсіздігі 
көзқарасы тұрғысынан бейнелейді. Яғни, осы құрылымда саяси түсініктер 
алуан түрлі пайымдаулар және баға беру ретінде түсіндіріледі, олар 
саясаттанушы субъектінің қайсыбір құнды басымдықтарын көрсетеді. 


69 
Сондықтан сол инститтуттарды, нормаларды, процестерді және өзге де 
құбылыстарды субъект жағымды бағалауы мүмкін (мысалы, демократиялық 
көзқарастың өкілі), ал басқаларына (басқа идеяларды және принциптерді 
ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Түптеп келгенде әр түрлі 
бағалаудың жиынтығы саяси сананың бүкіл көлемін толтыратын болады. 
Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық 
элементтерін, олардың алатын орны, сонымен қатар практикада рухани 
құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі олардың ойнайтын рөліне деген 
көзқарас тұрғысынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда, осы құрылым 
шеңберінде индивидуалдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі 
формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының 
мазмұнының ауысу процесінің компоненттері, нақты айтқанда: идеалдар, 
принциптер, нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі.
Саяси сананың идеологиялық, коммуникативтік, интегративтік, 
болжамдық, тәрбиелік функциялары бар.
Аталған 
функцияларға 
мынадай 
сипаттама 
беруге 
болады: 
идеологиялық функциясы қоғамдық дамудың саяси саласындағы топтық 
мүдделерді қорғау процесін бейнелейді. Яғни, саяси сана қоғамның саяси 
жүйесінің дамуы мен реформалануының әр түрлі доктриналарын тұтас 
идеологиялық құрылулар және саяси бағдарламалар етіп топтастырады және 
қорытындылайды; коммуникативтік функциясы саяси жүйенің әр түрлі 
элементтері арасындағы өзара әрекет ету процесін қамтамасыз етеді. Мұнда, 
бұл субъектілердің өз арасында және билік институттарымен саналы өзара 
әрекетін қамтамасыз ету болып табылады; интегративтік функциясы топтық 
саяси мүдделерді жүзеге асыру ісінде әр түрлі қоғамдық топтың, жіктің 
немесе таптың өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді; 
болжамдық функциясы саяси процестердің даму бағыттарын, болашақты 
бағалау мақсаттарын қалыптастырудағы индивидтер мен топтардың қабілетін 
білдіреді; тәрбиелік функциясы саяси билік субъектісі ретінде кез-келген 
әлеуметтік қауымдастық үшін аса сенімді саналатын сол бағыттың 
қажеттілігін білдіреді.
2. Саяси сананың мәнін дұрыс түсіну үшін оның деңгейлері мен 
түрлерін қарастыру қажет. Саяси сананың мемлекеттік, теориялық
эмпирикалық және әдеттегі қарапайым деңгейлерін бөліп көрсетуге болады.
Саяси сананың мемлекеттік деңгейі – бұл ресми саясатты жасау мен 
негіздеудің іске асырылатын деңгейі. «Мемлекеттік» сана әр түрлі заң 
жобаларының, бағдарламалардың, конституциялардың және т.б. саяси 
қатынастарын реттейтінін айтуымыз керек. Саяси сананың осы деңгейінде 
өмірде бар саяси тәртіптер мен басқару принциптері мейлінше табанды түрде 
қорғалады.
Саяси сананың теориялық деңгейін қоғамның саяси өмірін басқаратын 
заңдарды ашуға бағытталуы ерекшелендіреді. Сондықтан саяси сананың 
теориялық деңгейі саяси сипаты бар түрлі тұжырымдамалар, идеялар, 
көзқарастармен көрсетілген. Бұл деңгей ғылыммен және қайсыбір таптың, 


70 
билеуші топтың идеологиясымен тығыз байланысқан. Осымен байланысты 
теориялық деңгейде саясатты жете түсіну, біріншіден, іргелі-стратегиялық 
және ағымдағы тактикалық маңызды саяси мақсаттар мен міндеттерді қоюға 
және шешуге мүмкіндік береді, екіншіден, оларға жетудің құралдары мен 
әдістерін анықтайды, үшіншіден, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің 
ұйымдық саяси қамтамасыз ету бағыттары мен жолдарын анықтайды.
Саяси сананың эмпирикалық деңгейі тікелей саяси практикаға, саяси 
процеске жекелеген адамдардың және әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың 
шын қатысуына негізделген. Ол саяси процеске қатысатын субъектілердің 
өздерінде пайда болатын бақылау, сезіну, елестету, сағым, әсерленушілік 
формасындағы саяси шындықты бейнелейді. Саясат саласындағы теориялық 
көзқарастармен қатар олар бұқарада саясат және саяси қайраткерлер жөнінде 
қоғамдық пікірді, ал кең көлемде – қоғамның саяси мәдениетін 
қалыптастырудың негіздік қызметін атқарады.
Әдеттегі қарапайым саяси сана қоғамның басым көпшілік мүшелерінде 
орнығады, оған күнделікті өмірде қалыптасу тән. Дегенмен саяси сананың 
қарапайым деңгейі саяси сананың эмпирикалық деңгейімен тығыз 
байланысқанымен бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, саяси сананың 
эмпирикалық деңгейін субъектінің практикалық тәжірибесі сипаттайды. Ал 
әдеттегі қарапайым деңгейді қоғамдық таптың, әлеуметтік топтың немесе 
адам топтарының тікелей күнделікті өмірде пайда болатын идеяларының, 
көзқарастарының жиынтығы сипаттайды. Саяси сананың үйреншікті деңгейі 
эмпирикалық 
деңгейге 
қарағанда 
идеологиялық 
және 
теориялық 
элементтерінің болуымен айрықшаланады. Осы деңгейге анық көрінетін 
әлеуметтік-психологиялық белгілер: көңіл-күй, сезім, эмоция тән. Бұл оған 
саяси жағдайдағы өзгерістерді анық сезінудің ерекше динамикасын, қабілетін 
береді.
Саяси сананың мәнін барынша толық түсіну үшін оның алуан түрлерін 
қарастыру орынды саналады. Саяси сананың субъектісін (алып жүруші) 
ескере отырып, индивидуалдық, топтық, бұқаралық және қоғамдық сана 
түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Индивидуалдық саяси сана қоғамның саяси дамуы адамның жеке 
басының тәжірибесіне негізделген бағалау мен пікірлерден тұрады. Адамның 
өз саяси құқығы мен еркін меңгеруді, оларды нақты өмірлік жағдайда арнайы 
қолдана білуін атауға болады. Индивидуалдық саяси сананың дамуында 
индивидтің жеке өміріне мемлекеттің араласуын жоққа шығаратын, жеке бас 
бостандығына, индивидуализмге, тұлға автономиясына ерекше көңіл қоятын 
классикалық либерализм үлкен рөл атқарады.
Топтық саяси сана бұл қоғамның кейбір әлеуметтік топтарының, 
таптарының, жіктерінің, кәсіби қауымдастығының және т.б. саяси түсінігі 
және сезімі. Жеке тұлға саяси тұрғыдан алғанда өзін жақын
айналасындағылардың көзқарастарынан, өзі тұрақты әрекет ететін және 
тұлғаның өзін-өзі тануына негіздік қызмет атқаратын локалды топтан «өсіп 
шығады». Бір әлеуметтік топтың саяси санасы басқа әлеуметтік топтың саяси 


71 
санасынан анағұрлым ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, таптық қарама-
қайшылықтары анық байқалатын қоғамда таптардың саяси санасы айқын 
ерекшеленеді.
Бұқаралық саяси сана мейлінше динамикалық құбылыс. Оған көптеген 
факторлар ықпал етеді: қайсыбір саяси партиялардың саяси бағыттары мен 
әрекет тактикасы, түрлі әлеуметтік өзгерістер, нақты тарихи жағдайдың 
мазмұны және басқа да факторлар. Бұқаралық саяси сана қоғамдық пікірден 
көрініс табатынын ерекше атау қажет. Қоғамдық пікір – бұл қоғамда тараған 
саясат туралы пікірлерді байқататын қоғамның әр түрлі топтарының саяси 
фактілер мен оқиғаларға жасырын және ашық қатынасы. Елдегі халықтың, 
құрлықтың, тарихи дәуірдің саяси санасын сипаттау үшін «қоғамдық саяси 
сана» ұғымы қолданылады.
Қоғамның саяси санасы, жалпылама айтқанда, бұл көпшілік (бұқара) 
пен азшылықтың (элита) саяси билік, әлеуметтік процестер мен 
проблемаларды реттеу, мемлекетті және қоғамдық институттарды 
қалыптастыру бойынша қоғамдық қатынастарының психология мен 
идеологиядағы бейнеленуі мен көрінісі. Қазақстандық қоғамдық саяси санаға 
тарихи, әлеуметтік-мәдени және ұлттық дәстүрлер, ғасырдан-ғасырға берілген 
салттар, діни сенімдер, әдет-ғұрыптар, қоғамдық нұсқаулар, құндылықтар, 
идеялар және т.б. үлкен ықпал етті.
Адамдардың саяси санасына мақсатты бағытталған идеологиялық 
органдар, БАҚ және т.б. ықпалы зор рөл атқарады. Осымен байланысты 
идеологияның саяси сананың құрамдас бөлігі екенін атап айту қажет.
3. Идеология саяси санада маңызды және ерекше орын алады. 
Идеология ұғымы гректің idea - түісінік, ұғым, бейне және логос - ілім, ғылым 
деген мағына береді. Философиялық сөздікте идеология – қоғамдық 
идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. 
Бұл терминді ғылымға алғаш енгізген XVIII ғасырда француз ғалымы А. 
Дестют де Траси болды. Идеология саяси идеялардың, көзқарастардың, 
құндылықтардың және мақсаттардың жиынтығы ретінде, олардың жүйеге 
келтірілген түрі іспетті, индивидуалдық және қоғамдық сананың құрамды 
бөлігі болып табылады, онда саяси идеология түрінде көрінеді.
Саяси идеологияны көбінесе саяси сананың «өзегі» деп атайды. 
Идеология және саясат – өте жақын, бірақ бір-біріне сәйкес келмейтін 
әлеуметтік құбылыстар және процестер, әрі ұғымдар. Олар өздеріне ғана тән 
ерекшеліктер мен заңдылықтар иемденген. Саясат пен саяси идеологияны 
ұқсастыру саяси қатынастар мен мемлекеттік құрылымды қисынсыз 
идеологизациялауға алып келеді. Сонымен бірге саясаттағы идеологиялық 
компонентті жоққа шығаруда негізсіздік болып табылады.
Қоғам өмірінің барлық саласындағы, соның ішінде саясат пен 
идеологиядағы, түбегейлі қайта құрулар, қазіргі Қазақстанның күйін елеулі 
деңгейде анықтап отыр. Біздің еліміздегі идеологиялық жағдай посткеңестік 
кезеңде түбегейлі өзгерді, бірақ әлі де өтпелі, тұрақсыздық сипат алуда.


72 
Бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және өзінің түп-тамыры 
мен салдарлары жағынан аса күрделі әрі шешімі қиын дүниетанымдық 
дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстанның қазіргі жаңа тарихы 
дәлелдегеніндей, қоғамның табысты дамуы үшін, оның бірлігі мен 
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін еліміздің көптеген азаматтарын және 
саяси күштерін өзінің төңірегіне біріктіретін саяси мақсаттардың, идеялардың 
және принциптердің қорытындыланған жүйесін жасау қажет. 
Болып жатқан қоғамдық өзгерістермен және Қазақстанның одан әрі 
дамуы үшін идеялық-саяси бағдар іздестірумен байланысты саяси 
идеологияны анықтаудың және қазіргі дүние жүзіне кең тараған саяси 
идеологиялармен танысудың маңыздылығы зор. 
Саяси идеология – бұл қайсыбір топтың билікке таласын немесе оны 
қолдануды негіздейтін және саяси әрекеттердің стратегиясын құрастыратын 
идеялардың, көзқарастардың, түсініктердің жүйесі. Жалпы саяси идеология 
мынандай негізгі құрылымдық элементтерден тұрады: біріншіден, 
бағдарламалық мақсаттар; екіншіден, бағдарламалық мақсаттарды жүзеге 
асыру стратегиясы; үшіншіден, үгіт-насихат; төртіншіден, бағдарламаны іске 
асыру бойынша нақтылы әрекеттер. Анық топтық сипат алған саяси 
идеология жүргізетін саяси бағыттардың жағымды бейнесін жасауы қажет 
және ол қайсыбір топтың, ұлттың, мемлекеттің мүддесіне сәйкестігін сақтауы 
тиіс. 
Осыған орай саяси идеологияның негізгі мақсаттары мыналар болып 
табылады: қоғамдық сананы меңгеру; оған өзінің құнды бағалауларын, саяси 
дамудың мақсаттары мен идеалдарын енгізу; азаматтардың мінез-құлқын осы 
бағалаулар, мақсаттар және идеалдар негізінде реттеу.
Саяси идеологиялардың типтері тарихи жағдайға байланысты пайда 
болды, қалыптасты және дамыды. Олар: либерализм, консерватизм, марксизм 
(социализм), социал-демократизм және т.б. Бұлар саяси сананың 
идеологиялық компоненті болып саналады.
Либерализм идеологиясы тарихтағы тұңғыш саяси идеология болды. 
Оны негіздегендер – Дж. Локк, Т. Гоббс және А. Смит. Оның негізгі 
классикалық принциптері адам және азамат құқы Декларациясында (1789 ж.) 
жарияланды және Франция Конституциясында (1791 ж.) бекітілді. 
Либерализм – бұл саяси партиялар, үкіметтер бағдарламаларына, әлеуметтік-
саяси доктриналарына негіз болған принциптер мен мақсаттардың кешені. 
Либерализм 
өзінің 
көп 
қырлылығына 
қарамастан 
белгілі 
бір 
тұжырымдамалар, идеялар, принциптер және идеалдар кешенінен тұрады. 
Либерализмнің дүниетанымдық негізіиндивидуализм, гуманизм және 
рационализм болып табылады. Либерализмнің негізгі ережесі мынадай: жеке 
бас бостандығын әмбәбап құндылық деп санау; индивидтің өзін-өзі бағалай 
білу идеясы және оның өз әрекетіне жауапкершілігі; жеке меншікке 
индивидуальдық еркіндіктің қажетті шарты ретінде қарау; еркін нарық, 
бәсекелестік және кәсіпкерлік; парламенттік демократия және биліктің 
бөлінуі; құқықтық мемлекет; тұлғаның негізгі құқығы мен бостандығына 


73 
кепілдік (ар-ұждан, сөз, жиналыс, ассоциациялар мен партиялар құру және 
т.б.); жаппай сайлау құқығы; азаматтық қоғам салаларын кеңейту.
ХVIII 
ғасырдың 
соңына 
қарай 
қалыптасқан 
консерватизм 
идеологиясының дәстүрі жетерлік. Консерватизм идеологиясын ағылшын 
ойшылы Э.Берк, француздың қоғамдық қайраткерлері Ж. де Местор және Л. 
де Бональд жасады. Бұл идеологияның дүниетанымдық негізі дәстүрлі 
моральмен және материалдық құндылықтарға («өмірлік бастаулар») арқа 
сүйейтін қоғамды органикалық және тұтас жүйе ретінде мойындауда жатыр.
Консерватизмнің саяси бағдарламасы әлеуметтік-саяси өзгерістерді 
салттарға, 
ұлттық 
дәстүрлерге, 
орнығып 
қалған 
қоғамдық-саяси 
институттарға, елдің социомәдени ерекшеліктеріне бейімдеуге бағыт ұстайды. 
Онда мемлекет пен отбасын нығайтуға, қауымды сақтауға, шіркеудің 
ұстанымы мен рөліне, қоғам өмірінің рухани-адамгершілік аспектілеріне баса 
назар аударылған.
Марксизм (социализм) идеологиясының айтарлықтай тарихы бар. ХІХ 
ғасырдың орта тұсында Батыс Еуропада пайда болған маркстік (социалистік) 
идеология жетілмеген капиталистік қоғамның өткір таптық қарама-
қайшылықтары жағдайында қалыптасты. Оның дүниетанымдық негізі 
диалектикалық-материалистік түсінікпен және әлеуметтік-саяси процестерді 
таптық тұрғыдан талдаумен байланысқан. Марксизмнің саяси бағдарламасы 
биліктік және меншіктік қатынастарды революциялық жолмен өзгертуді талап 
етеді. Осы өзгертулерге коммунистік партияның жетекшілік жасауы қажеттігі 
жарияланған, кейін жалпы халықтық мемлекетке ұласатын, капитализмнен 
социализмге өтпелі кезеңде пролетариат диктатурасының мемлекетін құру 
идеясын ұсынады.
Әлем бойынша социал-демократия идеологиясы кеңінен таралған. 
Э.Бернштейннің «Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның 
міндеттері» (1899 ж.) еңбегінде социал-демократия идеологиясының 
теориялық негіздері қаланды. Онда ол капитализмнің өзін-өзі дамыту қабілеті 
туралы тезисті негіздеді. Плюралистік дүниетанымға сүйене отырып (ерте 
марксизм, неокантшылдық, сыншыл рационализм және т.б.), қазіргі социал-
демократия бостандықты, әділеттілікті және ынтымақтастықты орталық 
идеялар ретінде жариялаған. Оның саяси бағдарламасы қоғамдық реформалар 
жүргізу, әлеуметтік әріптестік, құқықтық мемлекет, әлеуметтік бағыт ұстаған 
аралас экономика, саяси плюрализм мен демократия талаптарын өзіне қосқан. 
Социал-демократия идеологиясының маңызды компоненттері болып 
адамгершілік құндылықтар жүйесі мен саяси қызметтің этикалық 
ынталандырулары жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет