75
Модернизацияның бірден-бір толық анықтамасын 1960 жылдарда
зерттеуші Ш.Н.Эйзенштадт берді: «Тарихи тұрғыдан модернизация дегеніміз
XVII ғасырдан XIX дейінгі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада дамыған
әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер түрлерінің өзгеру процесі,
оның басқа еуропалық елдерге, ал XIX ғасыр мен ХХ ғасырда Оңтүстік
Америка, Азия мен Африка құрылықтарына таралуы».
Ал модернизация ілімінің американдық өкілі С Блэк модернизацияны
дәстүрлі институттардың жаңа функцияларға икемделуі ретінде қарастыруды
ұсынады. Ал М. Леви болса, модернизацияны қоғамның өзін қозғамайтын
жалпы әлеуметтік төңкеріс деп қарастырады.
Жалпы модернизация теориясы дәстүрлі қоғамнан адамның жеке
меншік пен саяси биліктен жатсынуын арылтуға ұмтылатын қазіргі заманға
өту үрдісін түсіндіруге ұмтылатын қоғамдық даму тұжырымы. Дәстүрлі
қоғам мен қазіргі заманды салыстырмалы түрде зерттеген М.Вебер және
Т.Парсонс. Сонымен 50-60 жылдардағы зерттеушілер қоғамның нақты
саласындағы модернизацияларға сипаттама беруге тырысты.
Әлеуметтік саладағы модернизация адамдардың, қоғамдық және
мемлекеттік институттардың қызмет түрлері бойынша мамандануы дамыған
сайын жеке адамның жынысы, жасы, әлеуметтік шығу тегі, жеке
байланыстарынан тәуелсіз оның қасиеттеріне, біліміне, талабына көбірек
көңіл бөлінуі. Экономикалық модернизацияны дамушы елдерде мынадай
жолдармен жүргізуді ұсынады:
1) Бұл елдерде индустрализация үшін капитал болмағандықтан,
шетелдік капитал салуға мүмкіндік беру.
2) Кірістердегі теңсіздікті қолдау жасау капитал салу мен ұлттық
кірісті өсіруге қажетті жинақтарды жинауға мүмкіндік береді.
3)
Дәстүрлі қоғамда адамдар өздерінің кірістерін жинауға
үйренбегендіктен, экономикалық дамуға жол ашатын кәсіпкерлер табының
қалыптасуына көмек беру. Рухани модернизация, мәдени саладағы
модернизация мәдени және құндылық жүйе мен бағдарды жіктеу, білімді
зайырландыру мен сауаттылықты арттырудың, философия мен ғылымдағы
мектептермен бағыттырдың сан алуандығы, байланыс құралдары және
мәліметті таратудың дамуы, мәдениет жетістіктеріне азаматтардың ірі
топтарын тарту, индивидуалистік құндылықтарды тарату.
2. Саяси модернизация – жеке пән ретінде саясаттану ғылымының
күрделі ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Адамзат тарихында
алғашқы модернизация Батыс Еуропа елдерінде XVI-XVII ғғ. басталды.
Модернизация – дәстүрлі қоғамдағы артта қалушылықтан арылу және қазіргі
кезеңдегі қоғамға өту процесі. Яғни, саяси модернизациялау теориясының
маңызды мәселесі – дәстүрлі қоғамнан рационалды қоғамға өтудегі өтпелі
кезеңнің саяси жүйесін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: