Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет53/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

мақтау жырлары
айрықша орын алады. Мақтау 
жырлары бұрынғы кезде тек шын мәнінде еңбегі сіңген, лайықты 
адамдарға бағышталса, ал кейін мақтаушыға сый-сияпат беру дәстүрі 
олардың мәнін түсіріп, сый, лауазым, қошемет алу үшін небір жалған 
сөздер айтылып отырды. Бұл құбылысты өткен ғасырдың 70-жылдарында 
ақын Абай тұңғыш байқап, өзінің өлең сөзімен аяусыз әшкереледі. 
Адамның жан құбылысы – оның рухани дүниесінің айнасы, ол да 
бейне бір табиғат құбылысы сияқты. Табиғаттың құбылмайтын, 
құлпырмайтын кезі жоқ. Адам өмірін алып қарасаңыз, оның да сырт көзге 
көріне бермейтін, тереңде жатқан сыры, заңдылығы, мағынасы бар 
бейнелерге толы. Бұл жайды Дулат жырау адамның қайнаған ортасында 
ғұмыр кешіп байқаса, сол сияқты адамның лебінен, демінен, лебізінен де 
оның тірлігін анықтауға болатынын қазақ жақсы білген. «Жақсының 
жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты 
қашсын», - дейді. Бұдан пейіл танытуға, лебізге қаншалықты мән 
берілгенін байқаймыз. 
Қазақтың 
дәстүрлі ұлттық мерекелерінде
де болашақ ұрпақты 
ұлттық ерекшеліктер негізінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Ұлттық 
мерекелер мен ойындарда тәрбие құралдарына пікір алысу, сұхбат, 
сынықтан өткізу, көрсету, түсіндіру, үйрету, жаттықтыру, талқылау және 
т.б. жатады. 
Қазақ тіл білімі зерттеулерінде әдеби тіліміздің қалыптасу жолында 
халықтың көркем ойлаудың көрнекті үлгісі болған би-шешендер сөздерінің 
бағалануы жаңа тұжырымдармен де толыға түсетіні – табиғи заңдылық. 
Бұл орайда профессор Ө. Әбдиманұлының жаңа пікірін назарға аламыз: 
«…тыңдаушысын толғандыру, одан соң ойландыру, бұдан кейін еліктіріп 
әкету, ақырында дәлелді уәжге бас қойғызу – шешендік сөздің ерекше 
қасиеті болды. Уәж сөзге келерде, үкім-кесім қабылдағанда халықтың 
мораль кодексі іспетті мақал-мәтелдеріне жүгініп, өсиет, мәтел үлгілес 
афоризм сөздерді жиі қолданып отырған» [276]. 


Шешендік
– қазақ сөз өнері салаларының халықтық көркемдік ойлау 
денгейін танытатын байырғы үлгілерінің бірі. Қазақ халқының қалыптасуы 
мен дамуы кезеңдерінде тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастардың аса 
маңызды мәселелерін, жеке адамдар мен халықтың тағдырын шешетін сын 
сәттерінде би-шешендердің шешімдері негізгі ықпалды құқықтық, тәлім - 
тәрбиелік қызмет атқарған. 
Би-шешендердің қызметі қазақ халқының барлық әлеуметтік 
топтарының адамгершілік-имандылық мінез-құлық дағдыларының ата-
бабалық қалыптасқан жүйемен жүріп отыруын қадағалаған, елді басқарып 
отырған хандарды да, қол бастаған батырларды да, мыңғырған малы бар 
байларды да, дәулеті жоқ кедей шаруаларды да, ел ісіне араласа бастаған 
бозбалаларды да – барлық жастағы адамдарды халықтық адамгершілік 
ұлағатымен 
тәрбиелеген. 
Қазіргі 
заманғы 
ғылыми-зерттеулер 
нәтижелеріне негізделген анықтамалар бойынша би-шешендердің 
әлеуметтік қызмет салалары сан алуан дәстүрлерді қамтыған. 
Шешендердің сөздерін «Шешен сөз» деп атап, онда айтушы 
мақсатының түсіндірілетінін, пікіріне нандыратынын, сендіретінін, 
ұйытатынын, бұйытатынын, иман келтіретінін бағалайды. Шешен 
сөздердің бес түрі жүйеленген: 
а) мемлекет ісіне … сөйлегенде саясат шен сөзі; 
б) сот билігіне әсер ету үшін айтқан билік шешен сөзі; 
в) біреудің … еңбегін, қызметін қошеметтеп сөйлеген … қошемет 
шешен сөз; 
г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір 
шешен сөзі; 
ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар, … молдалар сөзі – уағыз. 
Қазақ би-шешендерінің елді басқарушылығы, қазылық-төрешілік 
батагөйлігі, халықтарды біріктіруші-бітімгершілігі, т.б. сан салалы 
әлеуметтік қызметі арқылы сөз өнерінің мемлекеттік қолданысы 
қалыптасқан. 
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеде қолданылуының Қазақ 
хандығы дәуіріндегі нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-
құқықтық мәртебеде қолданылуымен, әсіресе, Әз-Тәуке ханның тұсындағы 
би-шешендерге мемлекеттік билік берген тұста айрықша нығайды. Би-
шешендердің сөздері – халықтық тәлім-тәрбие құралы. Қазақ халқының 
отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-
туыстармен, көпшілікпен қарым-қатынас жасау мәдениетінің адамгершілік 
асыл қасиеттер аясында қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы 
зор болды. Ата-ананы, аға-ініні, бірге туысқан үлкенді-кішілі қыздарды, 
жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас 


ағайынды, қандас халықтарды, бүкіл адамзатты – бәрін де құрметтеу 
мәселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет