Сурет 19 – Кілтекті қосылыстардың шақтама ӛрістері 6.3 Ӛйма кілтекті қосылыстың шақтамалары мен қондырмалары Айналдыру кҥш ҥлкен болса, кілтектің iстен шығуы мҥмкiн. Осындай
жағдайда оймакілтекті (шлицтi немесе тiстi бiрiктiрудi) қолданады.
Оймакілтекті бiрiктiруде кҥпшектiң iшкi бетiнде дәл сондай пiшiндес етiп
жасалған бiлiк бетiндегi ойықтарға кiрiп тҧратын тiстерi болады. Бiлiктiң
бетiнде де дәл сондай сол пiшiндес жасалған, кҥпшектiң iшкi бетiндегi
ойықтарына кiрiп тҧратын тiстерi болады. Бiрiктiру ҥшiн жасалған кҥпшек пен
бiлiктiң тiстерiн
шлицтер деп атайды.
Оймакілтекті немесе тiстi бiрiктiрудiң кілтекті бiрiктiруден
артықшылығы: ол кілтекті бiрiктiруден берiк, сондықтан оны қуатты машиналарда қолдануға
болады. Бiлiкке қондырылған тiстi дӛңгелек немесе басқа тетiкбӛлшек ӛс
бойымен еркiн қозғала алады.
Тiстердiң кӛлденең қимадағы пiшiндерiне қарай, шлицтердi
тiкбүйiрлi, үшбұрышты, эвольвент тәрiздес шлицтер деп ажыратады. Тiк бҧрышты
шлицтер кӛбiрек кездеседi. Тiк бҧрышты тiстi бiрiктiрудiң негiзгi
кӛрсеткiштерi: z – тiстердiң (шлицтердiң) саны; D – сыртқы ҥлкен диаметрi; d –
iшкi кiшi диаметр; b – тiстiң енi. Осы кӛрсеткiштердiң мәндерiне қарай тiк
бҧрышты шлицтердiң кӛмегiмен бiрiктiрудi ҥш серияға бӛледi: жеңiл, орташа
және ауыр.
Тiстi бiрiктiруде кҥпшек пен бiлiк шлицтерiнiң конструкцияларына
байланысты ҥш тҥрге бӛледi: