№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


№5. Тақырып. Таным және шығармашылық



Pdf көрінісі
бет18/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

№5. Тақырып. Таным және шығармашылық. 
 
Дәріс жоспары 
1. Таным философиялық мәселе ретінде. Таным объектісі мен субъектісі. 
Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы 
мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. 
2. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың 
әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. 
3. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық 
және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және 
теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық 
және интуиция. 
 
Дәріс тезистері.
1. Таным философиялық мәселе ретінде. Таным объектісі мен субъектісі. 
Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы 
мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм
. Таным - 
бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным 
деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты 
түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық 
ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып 
табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, 
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - 
адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің 
әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары 
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе 
Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным 
табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. 
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд 
философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе 
өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, 
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам 
туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы 


философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды. 
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер 
төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір 
бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және 
оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім 
туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері 
төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану 
туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше 
gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі 
ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, 
білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін 
зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен 
"таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір 
мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — 
бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы 
мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. 
Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе 
тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе 
рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным 
объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз 
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-
біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен 
объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Білім — 
адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды 
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды 
дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың 
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — 
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. 
Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан 
өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді 
бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, 
қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні 
ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, 
өзін-өзі зерттейді. 
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға 
бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін 
жүзеге асырады: 
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері 
арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани 
мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); 
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық 
ашады). 
Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп 
отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен 
субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта 


болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар 
университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада 
тез жүзеге асырылады. 
"Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: 
— бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен 
машық қабілеттері; 
— кез келген танымдық мән бар ақпарат; 
— практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. 
Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным теориясының 
(гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. 
Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас 
түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен 
шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-
қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен 
деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің 
түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ 
мәселелердің бірі болып табылады.[4] 
Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің 
физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, 
семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым 
тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе 
танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы 
компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір 
жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау. 
Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық 
есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны 
дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді 
қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті 
болмысқа, 
ақиқатқа 
қарым-қатынасы 
тұрғысынан 
қарастырады. 
Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, 
ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе 
онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық 
таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат 
дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті 
көрініс табуы. 
Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір 
сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. 
Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары 
объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар 
қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі 
практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа 
практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. 
Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа 
істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет 
ретінде қатысады. 


Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған 
іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі 
мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық 
қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-
әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Ежелгі Мысырда жер өңдеу 
геометрия мен математиканың қалыптасуын жеделдетті, ол кеме жөндеу мен 
сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын ілгерілетті. 
Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып 
табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар 
заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір 
қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған 
радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері 
нәтижесінде пайда болған. Егер де білім практикада қажет болмаса, оның 
әлеуметтік құндылығы төмендей береді. 
Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының 
өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика 
дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің 
жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар 
мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. 
Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді 
қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу. 
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол 
адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен 
қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты 
байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі 
құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет