№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың



Pdf көрінісі
бет19/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

2. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқаттың 
әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері
. "Ақиқат 
ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным 
нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған 
білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат 
туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. 
Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — 
нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның 
төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап 
етеді. Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, 
жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік 
мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның 
бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің 
өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл 
әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де 
әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және 
субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім 
өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі 


жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. 
Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің 
қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың 
тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы 
субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым 
толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. 
Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен 
субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. 
Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде 
түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның 
күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты 
біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның 
объективті мазмүнын толыктыру үшін 
"абсолютті ақиқат және 
салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат деп езінің 
мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін 
бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, 
ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын 
айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 —1904 жылдар 
аралығында өмір сүрген"). "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске 
шығарылмайтын ақикаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай 
Жерді айналады", "Материяның және қозғалыстың жасалмайтыны және 
жоғалмайтыны" туралы философиялық ұстаным, т.б. Алайда танымда 
абсолюттік акикатка жетуді нақты нәтиже дегеннен гері, ғалымдар кол 
жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы 
ақиқатты көп пайдалануға тура келеді. Салыстырмалы ақиқат деп өзінің 
барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі 
көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. 
Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір 
сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан 
субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, 
қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай 
шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, 
ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы 
акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, 
кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. 
Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің 
көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне 
орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде 
көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- 
денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып 
табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — 
бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда 
өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы 
ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы 
үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. 


Олардың байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык 
сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің 
тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің 
элементтері жоқ десек, кателескен болар едік. Исаак Ньютонның 
классикалык механикасы танымның одан өрі даму барысында колданылудың 
шектеулі аясында ғана акикат, демек, салыстырмалы екендігі белгілі болды. 
Оның орнын, уакыт өте келе, күрделі теориялар — кванттык механика мен 
катыстылық теориясы басты. Солай болса да, классикалык механика 
адаскандык емес, абсолюттік акикаттың "ұрығы" бар акикат болып 
табылады. Ол нағыздыктың түрлі салаларында (аспан механикасы және 
техника) казір де табыспен қолданылады. Таным үдерісінде адамдар 
абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, 
ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың ішінде абсолюттік 
шындык көп емес және абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі полюсіне 
шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақикат салыстырмалы ақиқаттардың 
косындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы 
ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің карапайым қосындысы емес, абсолютті 
білімнің кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың алатын мөлшерінің 
біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз. Бұл кез келген ақиқаттың өзінің мазмұнымен 
және қолданылуымен, таным мейлінше дәл есептеуді қажет ететін белгілі 
жағдайлармен, уақытпен, өзге де арнайы ахуалмен айқындалатынын 
керсетеді. 
Абсолюттік 
және 
салыстырмалы 
ақиқаттардың 
өзара 
байланыстырынан, нақты ахуалды ескеріп отыруды талап ететін ақиқаттың 
нақтылығы туындайды. Дұрысырақ, егер тұтастың ішіндегі зерттелетіннің 
орны, уақыты, рөлі есепке алынбаса, онда шынайылық сәттерінің бірінің 
көрінісі қарама- қарсылыққа — адасуға апарып соқтыруы мүмкін. "Су 100'С-
та қайнайды" деген пікір кәдімгі судың қалыпты қысымдағы жағдайында 
ғана ақиқат болып табылады. Егер ауыр су деп аталатынды алсақ және 
атмосфералық қысымды өзгертсек немесе кәдімгі суды тау басына апарып 
қайнатсақ, онда бұл өзінің ақиқаттығын жояды. Акиқат өзінің даму 
кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан қарама-карсылығы - адасумен 
тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің күрделілігі мен қиындығьш 
керсетеді. Адасу—өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім. 
Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және 
сақталу заңының ашылуына мұрындык болды. Эфир, жылу тегі идеялары 
толкындык оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу 
үдерістері туралы физикалык ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде 
бүлардан да катал акикатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін 
ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулак болу оңай 
емес. Адамның ақиқатка тырысуы әркашан адасусыз болмайды. Адасудан 
аулак болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні 
жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде 
туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді 
қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының 
қиындығының да қажетті сөті бар. Мысалы,алхимия секілді "ұлы адасудың" 


формасында химия ғылымының қалыптасуы жүріп жатты. Танымдағы 
ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған 
дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың 
қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп 
қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін 
өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу 
білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы 
дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық, 
логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап 
отырады. Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі 
зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен 
адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат елшемі" деп, 
әдетте, бір - қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. 
Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек: 
ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек; 
құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен 
байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным 
теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты 
адасудан бөліп алу амалын табумен парапар. 
Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, 
пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға 
танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен 
қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, 
төртішпілер білімнід ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. 
Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың елшемі ақылдан тысқары 
шығарылмайды, сондықтан білім езімен-өзі түйықталады, ал акикатты 
айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя 
қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мүндайда ақикат өлшемі 
шарттарын практика, демек, қоғамдық - тарихи үдеріс ретінде түсіндіретш 
материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы 
адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика, 
ақиқат өлшемі ретінде көріне отырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы, 
объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға 
алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда 
заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен коса практикалык кызметтің жүзеге 
асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын 
заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан 
туындайды, 
айқын 
жоспармен 
жүргізіледі. 
Бұдан 
практиканың 
ойластырылған, тұшынылған сипатта болатыны белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет