№1. Тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Дәріс жоспары


 Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен



Pdf көрінісі
бет3/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#121273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
ғылым философия

3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен 
ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.
. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі 
Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің 
шарты. Сыни ойлау «ойлау туралы ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –
келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға 
жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз 
алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды 
қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны 
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды 
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ – 
ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай 
жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
 
Біріншіден, сыни ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. 
Екіншіден , сыни оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру 
емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау 
арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап 
табуы мүмкін. 
Үшіншіден, сыни тұрғысынан ойлау сұрақтарды қойып, шешімін 
табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы 
тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен 
қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.Мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу 
жұмысымның зерттеу сұрағы ретінде оқушылардың өздеріне деген сенімін 
сыни ойлау арқылы қалай қалыптастыруға болады? деген тақырыпта алдым. 
«Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды 
болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль 
оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды 
саналы және оймен қабылдауын көздейді»7
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен 
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және 
синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз 
бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы 
шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген 
тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге 
және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.Білім 


саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап 
етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір 
жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Мен оқыту 
тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз 
пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп 
ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын 
және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда 
мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Мұғалімнің міндеті - әр 
оқушы өзінің жеке дара тұлға екендігін сезіне алуына жол ашуы. Ал осыны 
сезінген оқушы өмірде өз бағасын біледі, және өз жолын таба алады. Жеке 
тұлға дәстүрлі сабақтарда тақырып аясында ғана білімді қабылдаушы
жинақтаушы болып танылса, ал жаңа форматта білім беру талаптары 
бойынша ол өздігінен білім алушы, ізденуші, үйренуші есебінде танылады. 
Ал ол өздігінен білім алушы, ізденуші, үйренуші есебінде оқушының 
біліміне өзіндік сенімі бар ма? 
Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім.Білім адамның 
көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен 
өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп 
қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген 
ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның 
көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын. 
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты 
мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, 
қарапайым деп бөлуге болады. 
Сенім де жан сияқты. Бір шыққан денеге қайта оралмайды. Мен отыз 
екі тыңдаушыға "Сіз үшін сенім қаншалықты маңызды? Сіз адамдарға 
сенесіз бе?" деген сауалнама жүргіздім. Сауалнама барысында сенемін деп он 
бесі,он екісі жоқ деп он бес тыңдаушы сенгім келеді деп жауап берді. 
Сенетіндер санына қарап әлі де сенімнің бар екендігіне көз жеткізгендей 
боламыз, бірақ сенгім келеді деушілерді жоқ деп қарастыратын болсақ, бұл 
жағдайдың тағы да әжептеуір мәселе екендігіне көз жеткіземіз. Франк Крон 
айтады: "Егер сіз адамға қатты сенсеңіз, сіз алданып қалуыңыз мүмкін, бірақ 
адамдарға сенбей, сіз азапта өмір сүресіз",деген екен. Біз бұдан сенімсіз 
өмірдің бос екендігін аңғарамыз. 
Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты және біртұтас тұлғалық 
дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы 
қалыптасады. Таңдалған іс-әрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің 
қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру және 
келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие практикасында өте күрделі іс. 
Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, 
еңбек. Бағдар бойынша іс-әрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем 
өнерлік, техникалық, кәсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыратылады. 
Барлық жастағы оқушылардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, 
қатынасу (ортақтасу). 


Іс-әрекет сипаты бойынша белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы 
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып 
көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да 
талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз 
қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және 
тәрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде 
төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске 
құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте, 
мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді 
болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді. 
Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бәрін 
іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. 
Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне 
айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана 
емес сол әрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты. 
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне 
көмектеседі.Оқушылардың 
өз 
идеяларын 
дәлелдеуіне 
көмектеседі. 
Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушыларды қандай 
деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау 
мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және 
нормамен нені, қашан және қалай айту қажеттілігі сипатында болады. 
Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. 
Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген 
оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты 
бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және 
мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау 
деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. 
Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. 
«Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, 
бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға 
болады. 
Оқушылардан оқуды талап еткен кезде мұғалім өзінің сабақ беруіне 
емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, сондықтан 
мұғалім оқу ортасын құруы керек, сонда оқушы ақпаратты енжар 
қабылдамайды, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады. 
Әр сабақтың үдерісіне белсенді қатысу арқылы оқушылар өздерінің 
болжамдары мен сұрақтарын құрастырады.Оқушылар бір - біріне кеңес 
береді, өз алдына мақсат қояды. Іс-әрекеттерінен алынған нәтижелерді 
қадағалайды, идеялармен тәжірибе жасайды және қателер оқудың ажырамас 
бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.Олар тәуекелге барудан 
қорықпайды, ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші 
сұрақтар қояды, өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, 
проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. 


Осындай жұмыстар жүргізілуі кезінде белгілі бір уақыт ішінде жұмыс 
істеуге арналған. Оқушы білімі мен белсенділіктерінің төмен деңгейде 
болуы-мектептің, ата-ананың,пән мұғалімдерінің бүгінгі күнгі басты 
мәселесі. Ол болашақтың іскер мамандарына білім мен тәрбие беретін білім 
ошақтарының, бүкіл қоғамның өзекті мәселесі. 
Оқушының қызығушылығына қарай оқытудың тиімді әдістері мен 
тәсілдерін пайдаланып,білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді ашу жетістікке 
жетудің көзі,сапаға ие болудың мүмкіндігі болып табылады. 
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі 
заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. 
Білімнің 
сапасы 
оқушының 
білімге 
деген 
құштарлығымен, 
қызығушылығына,білімнің қажеттілігін түсінуіне тікелей байланысты. 
Сабақ барысында оқытудың белсенді іс-әрекет әдістерін,оқыту 
формаларын тиімді қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады. 
Оқытудың белсенді әдістеріне: сұрақ-жауап,ашық сұрақ,зерттеушілік 
әңгіме,пікір-таластар,ой 
қозғау,өзін-өзі 
бағалау,өзгені 
бағалау,топтық 
бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. 
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу 
үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға 
итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, 
мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін 
мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай 
болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде 
мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. 
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, 
«білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде 
мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату 
мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру қажеттілігі туындап отыр. 
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат 
келіп түседі, сондықтан қазіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай 
біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет